Сабақ Сабақ тақырыбы «Сақталу заңдары»



бет2/5
Дата24.01.2023
өлшемі82,5 Kb.
#62675
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
сақталу заңдары1

А деңгейінің есептері
№11.5
Денеге 10 с ішінде тұрақты 50 Н күш әрекет етеді. Күштің әрекет ету уақытында дененің жылдамдығы 5 м/с – қа өзгерсе, онда дене массасын анықтаңдар.
№11.16
Массасы 50 кг метеориттің 40км/с жылдамдықпен ұшқандағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
№11.26
Горизонталь бетте 5 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг дөңгелек сырғанамай домалап келеді. Оның импульсін табыңдар?
В деңгейінің есептері
№11.1
Массасы 160 г хоккей шайбасының импульсі 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болу үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы қажет?
№11.4
Массасы 1 кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 1 м/с – тан 10 м/с-ға дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар.
№11.18
Кинетикалық энергиясы 10 Дж, ал импульсі
2 кг*м/с болатын дененің массасын анықтаңдар.
С деңгейінің есептері
№11.14
Темір жол вагонының буферлік серіппесін 1 см- ге сығу үшін
30 кН күш керек болса, оны 5 см сығу үшін қандай жұмыс атқарылыды?
№11.25
Горизонталь беттегі денеге 10 м/с жылдамдықпен берілді. Егер дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффеценті 0,1 болса, онда дене толық тоқтағанға дейін қанша қашықтықты жүріп өтеді.
№11.36
Серепені 4 мм – ге созу үшін 20 мДж жұмыс атқару қажет. Оны 4 см соз үшін қанша жұмыс атқару қажет.
Ой бөлісу «Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы» тақырыптарын қайталау және соған байланысты шығарылған есептерімізді қорытындылай отырып, қаншалықты меңгергеніміз бойынша ой бөлісейік.
Диалогтық оқыту әдісін пайдаланып, осы тарау бойынша әр топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды. Яғни, жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қою.
Төмен мәртебелі сұрақтар:
1.Адам энергияны қайдан алады? (Адам энергияны жұмыс жасаған кезде және қозғалған кезде алады.)
2.Ғарыш зымыранының ұшуы қандай қозғалысқа негізделген? (Ғарыш зымыранының ұшуы реактивті қозғалыс принципіне негізделген.)
3. Тас вертикаль жоғары лақтырылған. Бұл жағдайда энергияның қандай түрлері болады? (Потенциалдық энергиясы артады, кинетикалық энергиясы кемиді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет