Оттегі гемоглобинмен әрекетеседі де, еріген күйде оксигемоглобин болып
тасымалданады.
Қандағы оттегінің саны
Оттегі, оның тасымалдануя үшін гемоглобин дене жасушаларының қалыпты
жұмыс істеуіне жауап береді. Оның жетіспеуі жағдайында біз бас айналуды, бас ауруы мен әлсіздікті сезінеміз. Қандағы оттегі мөлшерінің төмендеуімен жүретін патологиялық жағдай гипоксемия деп аталады.
Альвеолалық ауадағы газдардың құрамы мен мөлшеріне
байланысты. Альвеоллалық ауа-альвеолаларды толтырып тұратын ауа қоспасы,ол организмнің ішкі газ ортасы болып табылады.
Ұлпалардағы газалмасу
Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы
арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу деп те атайды.
Тапсырма№4. Ситуациялық тапсырмалар 1. Тыныштық күйінде тыныс алу жиілігі 18-ге, қалыпты тыныс алу көлемі 500 мл-ге тең болып, жұмыс кезінде тыныс алу жиілігі екі есе, ал қалыпты тыныс алу көлемі 250 мл-ге тең болады. Минуттық тыныс алу көлемінің мөлшері қандай болады?