Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы к өрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады. Екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші
формуласымен де анықталады. С- жарықтың
вакумдағы жылдамдығы, υ –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.
159-суретте жарық сәулесі SВ жазық параллель шыны
пластина арқылы өткенде не байқалатыны көрсетілген.Ауа мен шыныны бөлетін шекараға түскен SВ жарық шоғы ВС шоғы түрінде сынып,шыныға өтеді.Пластинаның төменгі қыры мөлдір болғандықтан,ВС жарық шоғы сынып,ауаға СД шоғы түрінде шығады.Пластинаға түскен SВ және одан шығатын СД шоқтары бір-біріне параллель болады.
160-суретте призмаға түскен жинақсыз жарық шоғы көрсетілген.Ол призманы тесіп өтіп,екі рет, біріншісінде ауадан шынығы өтетін АВ қырында, ал екінші рет шыныдан ауаға өтетін ВС қырында сынады.
Егер кез келген ыдыстағы немесе су қоймасындағы судың түбіне су бетінен перпендикуляр бағытта қарасақ, онда жарықтың сынуы салдарынан ыдыстағы суса бізге нақты тереңдігінен ¼-ге аз болып көрінеді.Мұны суға секіру кезінде есепке алу керек,яғни мысалы су қоймасының 4м тереңдігі секірушіге 3м тереңдік болып көрінуі мүмкін.Жер атмосферасында жарық сынатындықтан,біз жұлдыздарды және Күнді өзінің аспандағы нақты орнына қарағанда биіктен көреміз.
Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып кестеге жазылған.