ІҮ«Мағынаны тану» Жаңа сабақ Проблемалық жағдай
Суы бар стаканға салынған қасық (немесе қарандаш)
су мен ауа аралығындағы шекарада сынған сияқтанып көрінеді.
Бұл қасықтан шыққан жарық сәулелері ауаға қарағанда суда басқаша бағыт алатындығын көрсетеді.
Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз. Егер жарық шоғы екі ортаны бөлетін шекара арқылы өтетін болса, мысалы: ауадан суға( немесе шыныға) онда жарық ағынының бір бөлігі шағылады,екінші бөлігі нәрседен өтеді, тағы бір бөлігі жұтылады. Нәрселердің өздеріне түскен жарықты
Түскен жарық
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз. Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш (γ) сыну бұрышы деп аталады. Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар түсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.
Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?
Жауап: Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.
Бұл заңды Снеллиус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Снеллиус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сыну көрсеткіші деп аталады.