Лекция1. Тақырыбы : Жоғары білім беруде математиканы оқытудың педагогикасы мен методикасының ерекшеліктері.
|
Практикалық сабақ 1. Тақырыбы : Жоғары білім беруде математиканы оқытудың педагогикасы мен методикасының ерекшеліктері.
|
БОӨЖ 1. Тақырыбы : Жоғары білім беруде математиканы оқытудың педагогикасы мен методикасының ерекшеліктері.)
|
БӨЖ 1. Тақырыбы : Аналитикалық геометрия мен векторлық алгебраны оқытуда Maple11 жүйесін қолдану.
|
Дәріс 1. Жоғары білім берудің педагогикасы туралы
Қазіргі кезеңде математиканы оқытудың методикасына қойылатын талаптар мен ол шешетін проблемалар ауқымының кеңдігіне қарай оны математиканың педагогикасы деп атау толымдырақ болады. Ал математиканың методикасын математиканың оқу пәнін қалыптастыруды және оны тиімді игеруді мақсат тұтатын, бұл бағытта математика, психология және педагогика ғылымдарының тоғысында жұмыс жасайтын, зерттеулер жүргізетін ғылым саласы деп анықтама беру дұрыс болады.
Сондықтан, қоғамның дамуы мен өмір жоғары білім беру саласының алдына игеруге тиісті математикалық оқу материалын оқыту міндетін қоятын болса, онда оқыту тәсілдерін жасау оқушылардың ақыл-ой қызметін зерттеу деректеріне негізделуі тиіс.
Бүгінгі күндері ЖОО-да студентке :
кредиттік жүйеге сәйкес сенім артып;
оның күш-жігерін арттыруға ықпал жасай отырып оқыту, білім беру керек.
Өйткені студент :
а) 1-күннен бастап ақпараттардың толассыз және барынша тығыз ағынында қалып қояды;
ә) уақытын жеткізе алмай қиналады;
б) жан-жақтан қойылған қатаң талаптарға кезігеді;
в) уақытын үнемді пайдалана алмайды;
г) уақытылы және дұрыс демалуды білмейді (НОТ студента);
д) оқу материалын қажетті сапалық деңгейде игере алмайды ( ақтаңдақтар кедергі болады) ;
е) тиімді жұмыс істей алмайды;
ж) қажетті ақпарат көздерін іздеп табу дағдылары толымсыз қалыптасқан.
Математиканың ішкі даму логикасы, дедуктивтік құрылымы барынша күрделі және қатаң. Сондықтан оған оқыту барысында студенттің психологиялық қабілет-мүмкіндіктерін ескермеуге болмайды. Математика мамандығына, математика пәндеріне студентті оқытқанда біз екіжақты біртұтас таным процесін жүргізетін боламыз. Онда :
Математикаға (логикалық қатаң, дедуктивті),
Адамды (қабілеті әртүрлі) оқытамыз.
Логика әдетте пайымдау, ой қорыту заңдылықтарын зерттейді және онда дұрыс алғышарттардан дұрыс қорытынды-нәтижелер алып отыру үшін адам (студент, оқушы) қалайша ойлауы керек екендігі анықталады. Бұл заңдылықтар объективті және барлық адамдар үшін ортақ, әрі бірдей міндетті.
Логика психологиямен өте тығыз байланыста болады. Әрине, адамның ойлау қабілеті тұрақты емес. Бұл көрсеткіш, 1-кезекте адамның оқуға көзқарасына, ықыласы (мотивация) мен жасына тікелей тәуелді. Оқу оны қызықтыра ма, әлде жоқ па? Оқудың қажеттілігін ол қаншалықты түсінеді? Ықылас-ынтамен қабылданған мәлімет тезірек білімге айналады, есте жақсы сақталады, ал құлықсыз қабылданған ақпарат жадыда ұзақ тұрмайды. Екінші жағынан, ықылас пен ынта студенттің сауатына, оның мектепте алған білім деңгейіне де тікелей тәуелді болады.
Математиканың логикалық қатаң және дедуктивтік құрылымын да Винчи мен Эйнштейннің мынадай сөздері аша түседі: «Математикалық дәлелдеулер арқылы өтпеген адами ешбір зерттеу нәтижесі шынайы ғылым деп атала алмайды» (Леонардо да Винчи. Избранные произведения, М., 1955).
«Барлық ғылымдардың ішінде Математиканың ерекшеленетін дара қасиеті бар, ол оның тұжырымдарының абсолютті ақиқат және даусыз екендігі» (Альберт Эйнштейн).
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, ХХІ-ғасырдың басында, ЖОО-да математиканы оқытуда мынадай қарама-қайшылықтар орын алуда:
кредиттік оқыту жүйесінде аудиториялық оқу сағаттарының азаюы есебінен СӨЖ көлемінің көбейтілуі және студенттердің өз бетінше математиканы игеру дағдыларының өте төмен болуы арасында; (ҰБТ)
математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық-формальдық оқу материалына аса басымдық берілуі мен математикалық емес мамандық иесіне өзінің кәсіби-практикалық қызметіне керек қолданбалы сипаттағы математикалық білімнің қажеттігі арасында;
математиканы оқытудың репродуктивті сипаты, оның студенттердің орташа үлгеріміне лайықтап жүргізілуі мен қоғамның бүгінгі күнгі талабы бойынша оқытуды тұлғаға бағыттап жүргізу қажеттігі арасында;
ғылымның барлық дерлік салаларына математикалық методтардың жаппай барынша тереңдеп енуі мен математикалық емес мамандықтар студенттерінің математиканы оқып-үйренуге деген мотивациясының төмендігі арасында.
ЖОО-да математиканы оқыту методикасы мен педагогикасы осы аталған қарама-қайшылықтарды жою жолдарын зерттеуі, жаңашыл методикалар мен технологияларды оқыту процесіне ендіруі қажет.
Нұрсая Исмаилова осы бағытта кредиттік оқыту жүйесі жағдайында химик-студенттерге стандартты емес және кәсіби мазмұндағы математикалық есептері бар жеке тапсырмаларды қолданып математиканы оқыту әдістемесін ұсынды, СӨЖ интенсивтендіруді ақпараттық-компьютерлік технологиялар есебінен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерттеді.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру саласында математикалық білім беру мазмұны мен оның педагогикасы оқытуды барынша визуализация жасау, көрнекі модельдеуді қолдану және математиканың әлеуметтік статусын ашып көрсету бағыттарында қайта қаралуы қажет.
ХХІ-ғасырда математиканың ролі білім беруді гуманизациялау құралы және заманауи қоғамда
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды. Математиканы оқыту жүйесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау. Қазіргі жоғарғы оқу орындары ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, оқу орындарын бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістерді ұйретуде математикалық ойлаумен қатар математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Осы орайда әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде білім беруді толықтай ақпараттандыру маңызды орын алады.
XXI ғасырда білім беру саласында компьютерлік технологияны, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды, мультимедианы, проекторларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектепте басталып, жоғарғы оқу орындарында жалғасын табатыны сөзсіз. Жоғарғы оқу орындарында теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі - студенттердің интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін тигізеді. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарларды, компьютерлерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияны пайдалану оқытушылар мен студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз.
Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай матаматика курсын толығымен компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |