Сабақ Тақырыбы : Жоғары білім беруде математиканы оқытудың педагогикасы мен методикасының ерекшеліктері


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі25,12 Kb.
#17185
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лек-1

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі уақытта білім беру үрдісіне электрондық құралдардың енгізілуі білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашатындықтан аса маңызды болып отыр. Электрондық оқулық - қазіргі таңда оқытудың барлық жүйелерінің ішінде алғашқы қатарда. Бұл дәстүрлі оқыту түрін жоққа шығару емес, керісінше, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқытудың жаңа түрлерімен толықтыру қажеттілігін уағыздайды. Ақпараттық технологияларсыз оқыту тиімділігін арттыру, бәсекеге қабілетті оқу орны қатарына қосылу мүмкін емес.

«Электрондық оқу құралы» дегеніміз не? Бір қарағанда электрондық оқу құралы жалпыға мәлім құрал, бұл оқу құралын қолдану арқылы оқытушы сияқты оқушылардың білім деңгейін бақылайды, үлгерімін тексере алады және де адамдар электрондық оқу құралдарынэлектрондық тасымалдағыштарда алып жүруге болады. Электрондық оқу құралы өте тиімді әрі ыңғайлы құрал. Ол мәтіндік гиперсілтемелерден, мазмұннан және көптеген суреттерден тұрады. Сонымен қатар электрондық оқу құралы міндетті түрде студенттің білім деңгейін бақылау үшін тесттік сұрақтардан тұруы тиіс.

Электрондық оқу құралы – білім алатын өнім, бірақ дәстүрлі оқулықтан айырмашылығы бұл оқулықты тек компьютер көмегімен ғана көріп шығуға болады. Электрондық оқу құралы кәдімгі оқулықтар сияқты барлық талаптарға сай болуы керек. Электронды оқулық студент үшін дайын материал. Электрондық оқу құралын әзірлеу барысында оны мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпаратпен және электрондық құралдарды анимация элементтерімен, суреттермен, бейне материалдармен көбiрек қамту керек, себебi оның көмегімен ақпаратты тез есте сақтауға болады. Электрондық оқу құралдары текстік материалдардан басқа міндетті түрде жақсы ұйымдастырылған графикалық материалдардан тұруы тиіс. Мұндай оқу құралының тек дизайн жағынан емес, студент тез қабылдайтын материалдардан тұруы керек. Электрондық оқулықтағы анимация, диаграмма, бейнеклиптер, тест тапсырмасы мен структуралық құрылымы жағынан студенттерді өзіне тартып қана қоймай, қарастырылып отырған тақырып материалдарын студенттің есінде қалуына үлкен ықпал етеді. Электронды оқулықты математика сабақтарын оқыту кезінде қолдану арқылы білім алушыларға:



  1. Сабақты өту барысында өтіп отырған тақырыпты кеңінен меңгеріп, түсінуге көмектеседі;

  2. Студент тапсырманы орындау кезінде түрлі зерттеу жұмысына тартылады. Білім сапасын көтеру, оқыту процесін компьютерлендіру: интернет, компьютерлік желі, телекоммуникациялық құралдарды қолдану, электронды оқулықтар мен құралдарды даярлау; компьютерлік технологияларды жеке оқу пәндеріне, олардың ерекшеліктерін ескере отырып қолдану секілді міндеттерді шешу көзделіп отыр. Бұл міндеттерді шешу білім беру сапасын жоғары сатыға көтереді.

Білім беру үрдісінде электрондық оқулықты – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Студенттің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстар мен тапсырмаларды тез орындауға деген құлшынысы артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедиа, гипертекстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқу құралы. Ол студенттерді даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктіліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал болып есептелед. Білім талабына сай электрондық оқу құралдарын құру қажет.

Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жолдары:



  1. Студенттің уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

  2. Электронды оқулық көмегімен математика пәнін оқу кезінде көптеген мәліметерді алып, оқып үйренуіне септігін тигізеді.

  3. Кез келген күрделі тақырыпты, қиын бөлімдерді, қосымша тапсырмаларды орындау әдістерін студенттің өз бетінше үйренуіне көмектеседі, бейне материалдар мен аудиохабарларды кең көлемде қолдануына жағдай жасайды.

  4. Жаңа тақырыптарды жылдам әрі нақты түсіндіре алады.

  5. Тақырыпты қалай меңгергенін тест тапсырмалары орындау арқылы тез көре алады.

  6. Әр бөлім ішінде қарастырылып отырған жаңа сөздерге берілген түсіндермелерді пайдалана алады.

  7. Оқытушының әр студенттің жұмысын қадағалауына барлық жағдайлар қарастырылған.

  8. Студенттің ақыл-ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге көп ықпал жасайды.

Электрондық оқулық қарапайым оқу құралдарына қарағанда өте пайдалы қосымша мүмкіндік бере алады. Атап айтқанда:

  • Барлық байланысты іс жүзінде аз уақыт ішінде тез қамтамасыз етеді;

  • Қарапайым оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтан жылдам табуға болады;

  • Электронды оқулықпен оқыту әдісі арқылы жалпы білім беруді жетілдіру тәсілімен бірге тығыз байланысып белгілі бір пәннің артықшылығын есепке алуға болады.

Қорыта келгенде, оқыту үрдісіне информациялық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келеді. Бүгінгі таңда электрондық оқулық әдістемесінің көмегімен білім талабына сәйкес жоғары білім беруде, оны меңгертуде маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет