1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.
2-жаттығу.Жалпылама ауызша орындауға болады.
3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.