Cабақ: 9
|
Мектеп: №24 ЖОББМ
|
Cынып: 9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
2-бөлім. Жолың болсын, жолаушы!
|
Сабақ тақырыбы
|
9-сабақ. Әжем тоқымқағар жасады
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
О1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.
А4. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды,қорытынды жасайды. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды,өз ойларын дәлелді, аргументтер келтіре отырып, жеткізеді.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды,негізгі ойға қорытынды жасайды.
Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды, өмірмен байланыстырады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды.
Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автор ойын» бағалайды.
|
Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: тоқымқағар, мұқият, ғылыми жоба, жүлделі, туған- туыс, тілек
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ғылыми жоба, жүлделі орын, «Жолың болсын!», «Сапарың оң болсын!» «Жақсы тілек - жарым ырыс».
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар қай кезде жасалатын дәстүр?
Тоқымқағарға кімдерді шақырады?
Әжесі тоқымқағарды неліктен жасап жатыр?
Ағасына қарап інісіне қандай ой келді?
Тоқымқағар дәстүрін жасау керек пе? Сенің көзқарасың қандай?
|
|