Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тап сырыңыз. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылаңыз дар.
Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.
Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астро номиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдаңыз. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Оқушылар “адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды” деген қорытынды жасаулары керек. Ол не үшін қажет еді? — деп нақтылаңыз. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсетуге болады. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.
Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашы лығымен айналысқанын естеріне салыңыз. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылардан сұраңыз. Оқушылар жылдың жазғы мезгілінде жаңбыр жау ғанда нені білу қажет болғанын айтып бере алады. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анықтауға көмектесе алатынын сұраңыз. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде оқушылар “адамзаттың кейінгі ашқан жаңалығы күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды жасай алады.
Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көр сетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. “Ерте замандағы адамдарға
күнтізбе не үшін қажет болды?” деген сұраққа қайтып оралыңыз. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.) Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе? — деп сұраңыз. Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсетіңіз, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Ал ғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген, ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)