Ғарышты зерттеу
Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұ рақтар қойыңыз:
— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)
— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)
— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)
Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.
Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па рақтарды) хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.
Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.
Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.
Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап сырманы орындау барысында өздерінің бақыла ғандарының нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді (ауызша, сурет, пантомима түрінде).
|