«Болжау әдісі» АКТ арқылы Рататуй мультфильмінен үзінді көрсетіледі
Мақсаты: Үзіндіні мұқият тыңдап,көру арқылы шығарманың тақырыбын болжайды,өз ойларын айтады.
Дескриптор:.
-шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімін анықтайды
- сюжеттің дамуын болжайды себебін түсіндіреді
-Өз ойларын мысалмен келтіреді
-Өзге оқиғалармен салыстырады
Жетекші сұрақтар арқылы тақырып мазмұнын талқылай отырып болжау;
-Аспазшы мамандығы жайлы не білеміз?
-Басқа мамандықтардан қандай ерекшеліктерін айта аласыңдар?
-Аспазшы болу үшін адам бойында қандай қабілеттер болуы мүмкін?
-Қандай тағамдар ұнатып жейсіңдер,неліктен?
Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу
мақсаты анықталады?
Сабақтың ортасы
(Ұ) 1-тапсырма «Әдеби шеңбер» әдісі «Ақылды аспаз» ертегісінің бір бөлігін оқу тапсырылады. Оқу кезінде кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнеленген тұстарды белгілеп отыру ұсынылады. Бірінші бөлікті оқығаннан кейін өздері өздері жасаған болжаммен салыстырады. Оқушылар оқиғаның әрі қалай дамитыны туралы өз ойларын айтады. Мәтіннің екінші бөлігі оқылады. Жасалған болжамдарымен салыстырады. Ертегіні тұтас шолып оқуға уақыт беріледі.
Дескриптор: -Мәтінді болжай отырып оқиды шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімін анықтайды
- сюжеттің дамуын анықтайды себебін түсіндіреді
-Өз болжамдарымен салыстырады
БК: «Допты қағып ал» әдісі Доптарға жазылған сұрақтарға допты алған бала жауап береді. Түсініп оқыған мәтінін қорытындылайды
ҚБ -«Зымыран» әдісі
Қорытынды нәтиже арқылы бағаланады
2- тапсырма (ЖЖ) «Аударыспақ» әдісі Лабиринт сызбасы бойынша әр оқушы ертегінің композициялық құрылымын анықтайды. Ол үшін ертегідегі оқиғалар ретін еске түсіреді.
Дескриптор: -Оқиғаның басталуын біледі
- Оқиғаның қалай дамитынын анықтайды
-Шарықтау шегін табады
-Шешімін табады.
Түсініп оқыған мәтін бойынша, тілші ретінде топтан бір оқушы сұрақ дайындап оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар пікір таласқа түсіп қойылған сұрақтарға жауап береді.
Ертегі қалай басталады?
Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?
Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.
Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.
Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
Қонақтар аспазға риза болды .Иа себебі......
Жоқ себебі..........Пікір таласқа түсіп соңғы қорытындысын талдайды.