Ұйымдастыру кезеңі
Бірлескен оқу ортасын құру.
Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:
алгебралық өрнек туралы түсінік, мысал;
айнымалылардың өрнектердің мәндерін қалай табады?
Үй тапсырмасын тексеру: Параллелограмм, сызбасын тексеру, анықтамасын тұжырымдау.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену. Топқа бөлу. «Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Тапсырма 5. Бір пункттен бір мезгілде жолаушы xкм/сағ жылдамдықпен және велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен шығады. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 45 км-ге теңболады. Егер мұндай жағдай мүмкін болса, жолаушының жылдамдығын табыңыз.
Екі жолаушы бірмезгілде бір пункттен қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, ал екінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса, онда x (бүтін) сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 40 км болуы мүмкін бе?
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауын ұсыныңыз: практикалық есептердің шартында айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болады?
Тапсырма орындалған соң мұғалім ұсынған дайын жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.