«Өрмекші шырмауынан шығып көр».
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
«Кім жылдам?!» Кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойыңдар. Жасырын сөзді оқыңдар.
Т. 2х(х-8)+10, мұндағы х=3
У. (а+0,4)(а-0,4), мұндағы а=0,6
Д. 5m-3n, мұндағы m=; n= -
Ң. x-2xy, мұндағы x=5; y= -1
Е. (2m+6)n, мұндағы m= -2; n=3
Мұғалім: Оқушылар қалай ойлайсыңдар неге мен «теңдеу» сөзін жасырдым?
Мұғалім: Иә, бүгінгі өткелі отырған жаңа сабағымыз осы теңдеу тақырыбына тікелей байланысты, яғни «бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қарастырамыз»
|
Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады? (екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері тең өрнектерді айтады )
Қандай теңдік теңбе-теңдік деп аталады? (айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез-келгенінде тура болатын теңдікті айтады)
Теңбе-тең түрендіру дегеніміз не? (өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру деп атайды)
Екі тура санды теңдік қалай қосылады? (екі тура санды мүшелеп қосады. a=b және c=d болса, онда а+c=b+d)
Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? (екі тура санды мүшелеп көбейтеді. a=b және c=d болса, аc=bd)
Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
Қандай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз?
Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіледі?
|
|
|