Пәні: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Қысым
|
Мектеп: Ақсай қаласының №5 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты жөні: Акашаева Ляззат Садыковна
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қатты денелердегі қысым
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
|
7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Қатты денелердегі қысым ұғымын түсінеді, мысалдар келтіре алады;
Қысымның формуласын пайдаланып, есептер шығаруда қолданады
Өмірде, табиғатта және техникадағы қысымға сипаттама береді, дәлелдер келтіреді.
|
Бағалау критерийі
|
Қатты денелердегі қысым ұғымы мен оларды өзгерту тәсілдерін біледі;
Есептер шығаруда қысымның формуласын пайдаланады,
Қысымды өмірде, табиғатта және техникада мысалдар келтіріп сипаттайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер
Қатты денелердегі қысым …
Қысымның өлшем бірлігі …. болады.
Қысым ......... тәуелді
Сөздік
Қазақша
|
орысша
|
Ағылшынша
|
қатты
|
твердый
|
solid
|
қысым
|
давления
|
pressure
|
дене
|
тело
|
body
|
күш
|
сила
|
force
|
аудан
|
площадь
|
area
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында
|
Пән аралық байланыс
|
жаратылыстану, биология, математика
|
Мұғалімге ескертпе
|
W-толық сыныппен жұмыс жасау
G-топпен жұмыс
I-жеке жұмыс
E-оқушы тәжірибесі
D-мұғалімнің демонстрациясы
|
Алдыңғы білім
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-2 мин
2-7 мин
|
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, дайындығын тексеру.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу: пайда болған суреттерге сипаттама жасау.
(I)Үй жұмысын тексеру:
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға арналған «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Оқушыларға доп беру арқылы сұраққа жауап береді.
Көлемін сақтап, пішінін оңай өзгертетін заттың күйі қандай?
Заттарды құрайтын бөлшектер не деп аталады?
Белгілі пішіні мен көлемі болмайтын заттың күйі?
Заттардың қатты күйіне тән қасиеті қандай?
Диффузия дегеніміз не?
Диффузия қандай денелерде жылдам жүреді?
ҚБ: сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды шапалақтау арқылы бағалау
|
Түрлі суреттер:
Техника: шынжыр табанды трактор
Өсімдік: раушан гүлі
Жәндік: ара
Доп
|
Сабақтың ортасы
7-15 мин
15-30 мин
|
(D) Жаңа сабақ. «Ең бастысы» оқыта үйрету әдісі (Оқушылар 5-7 минут ішінде шаблон-картаға алған ақпаратты жазады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибелер)
Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім кітапты қырынан және тігінен орналастыру арқылы тәжірибе көрсетеді.
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. ХБЖ да өлшем бірлігі 1Па=1 Н/м2 (Паскаль)
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Бағалау критерийі:
Картаны толтырады.
Қысым ұғымын меңгереді, формуласы мен өлшем бірліктерімен танысады
Дескриптор Білім алушы
қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды, есептеу жүргізеді.
ҚБ «Назар аударту немесе оқуға бағыттау»
(G) Топтық жұмыс ұсыну «Интерактивті сурет» әдісі Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, суреттің мағынасын түсінеді, есептеулер жүргізеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады.
1 топ: 1 тапсырма:(Топ мүшелерінің алдына бірнеше суреттер топтамасын ұсынамын) Қысымды арттыру және азайтуға арналған суреттерді ажыратыңдар?
Жауабы: қысымды азайту
2 эксперименттік тапсырма: Білеушенің үстел бетіне түсіретін қысымын есептеу керек. Оқушылар сызғышпен білеушенің ұзындығы мен енін, динамометрмен ауырлық күшін анықтап қысымын есептейді.
2 топ: 1 тапсырма: Кітаптардың қайсысы үстелге ең аз немесе көп қысым түсіреді?
2 эксперименттік тапсырма: Білеушені үстелге тігінен орналастырып, қысымын анықтау.
3 топ: 1 тапсырма: Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.
2 эксперименттік тапсырма: Білеушені үстелге
көлденіңінен орналастырып, қысымын анықтау.
Бағалау критерийі:
Суретке сипаттама беріп түсіндіре алады;
Қысымды арттыру және азайту мысалдарын ажыратады
Қысымның формуласын қолданып есептейді.
Дескриптор Білім алушы
Суретті сипаттады;
қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды, есептеу жүргізеді.
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы.
Жасыл түс – барлығы түсінікті
Сары түс – менің сұрағым бар
Қызыл түс – түсініксіз болды
(W) Оқушыларға үлестірмелер ұсынылады.
Практикалық тапсырмалар
А деңгей:
1Па= кПа 1кПа= Па 1МПа= Па 1Па= МПа 1см2= м2 1м2= см2
В деңгей:
1. Массасы 80 кг адам, егер оның екі бәтеңкесінің ауданы 600 см2 болса, иығына салмағы 100 Н жүгімен еденге қандай қысым түседі?
2. Массасы 480 кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.
С деңгей: Жағдаяттық тапсырма.
Айбек қай уақытта қысымды жерге көбірек түсіреді: бір аяғымен бе, әлде екі аяқпен тұрған кезде ме?
Нанды пышақпен кесудің тақырыппен байланысы бар ма? Қалай ойлайсың?
Танк мен жеңіл машинаның табандарының жасалауының әр түрлілігін тақырыппен байланыстыр? Неліктен?
Бағалау критерийі:
Қысым мен ауданды ХБЖ-ға аударады;
Қысымның формуласын қолданып есептер шығарады.
Өмірмен және техникада байланысын ажыратады.
Дескриптор: білім алушы
- Өлшем бірлікті ХБЖ-ға келтіреді;
- Есептер шығаруда формуланы қорыта алады.
- Өмірмен байланыстырады
ҚБ: «БББ» кестесі бойынша
Б(Мен не білемін)
|
Б (Мен не білдім)
|
Б (Менің не білгім келеді)
|
|
Оқулық
Слайд
Шаблон-карта
Суреттер ұсыну
Құрал жабдықтар:
Білеуше, динамометр, сызғыш
«Бағдаршам»
Үлестірме материалдары
|
Сабақтың аяғы
30-35 мин
5 мин
|
«Фронтальды сұрау»
Қысымды қандай әріппен белгілейді?
Оның өлшем бірлігі қандай?
Қысымның формуласы?
Қысым қандай физикалық шамаларға тәуелді?
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, есептер шығару
«ВАК» рефлексия
Визуал: Мен көрдім!
Бүгінгі сабақта сіз үшін маңызды не болды?
Аудиал: Мен естідім!
Бүгін мен не түсіндім?
Кинестетикалық: Мен сезіндім!
Бүгінгі сабаққа қосқан үлесің қандай?
|
|
Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?
|
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау
|
Жоспар бойынша «Серпілген сауал», «Ең бастысы» оқыта үйрету әдісі, «Интерактивті сурет» белсенді оқу әдістері алдыңғы білімді және жаңа тақырыпты меңгеруге сараланып берілді. Қабілеті жоғары оқушылар жағдаяттық тапсырмалар орындайды. Күрделілігі
жоғары есептер шығарады
|
Әрбір тапсырма сайын кері байланыс беріледі.
Ауызша және жазбаша бағалау түрлері болады. «Бағдаршам», «БББ» кестесі «ВАК» арқылы кері байланыс жүргізу
|
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау
Интерактивті тақтаны белгілі бір уақытта қолдану
|
Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқу мақстына жетті ме? Егер жетпесе неге?
Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?
|
Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?
|