Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
|
Мектеп:
|
Сағат саны: 1 сағат
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Матаева Н.
|
Сынып: 8 (7)
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы
(Алдыңғы сабақтың жалғасы, 1-сабақ)
|
Сабақтың түрі
|
Зерттеу сабағы
|
Зерттеу сұрағы
|
Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
|
Тарихи концепт (фокус)
| |
Сабақтың мақсаты
|
XVIII ғ. басында қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдау себептері мен нәтижесін талдайды
|
Бағалау
критерийлері
|
Сыни ойлау мен талдау –Кіші жүздің Ресейге қосылу себептері мен нәтижесін талдайды;
Бағалау- Әбілқайыр ханның Ресей империясы бодандығын қабылдау іс-әрекетіне баға береді
|
Тілдік мақсаттар
|
Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы мен Әбілқайыр хан туралы зерттеулермен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Отар, грамота, отаршылдық, елшілік, бодан, аманат
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:
Кіші жүздің Ресейге қосылу себептері…
Әбілқайыр Ресейге қосылуда бірнеше мақсатты көздеді, себебі... …
Кіші жүздің Ресейге қосылуының салдары мынадай...
Қазақ хандығы Ресейге қосылуы нәтижесінде еркіндігінен айырылды, оның зардаптары…
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес мемлекет тәуелсіздігін бағалай білу, Отан тарихы мен тарихи тұлғаға деген құрмет Әбілқайыр ханның саясатын талдау барысында жүзеге асады
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.
|
Бастапқы білім
|
ХVІІІ ғасырдың басында Қіші жүз аймағының Ресей империясының қоластына өте бастауы туралы біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 мин
3 мин
1 мин
|
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру
(М) Оқушыларға «Білімімізді пысықтайық» тапсырмасы негізінде өткен сабақта игерген білімді еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:
ХVІІІ ғ Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды?
Қазақ хандығынан Ресейге аттанған I, II елшіліктің мақсаты мен нәтижесін қалай болды?
Ресейге барған елшіліктегі басты екі тұлғаны анықтаңыз
ХVІІІ ғ Кіші жүзде саяси жағдайдың шиеленісу себебі неде?
(Б) Ой шақыру
БЫМ Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландыруға назар аударылады. Слаидтан Қазақстан территориясы бейнеленген карта, Кіші жүзден аттанған елшілік пен Әбілқайыр бейнеленген сурет көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
-Суретті көріп, Сізге қандай ой келді?
-Бүгінгі сабағымызда қандай мәселе зерттеледі деп ойлайсыздар?
М Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушылармен бірге пысықталады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Себеп және салдар
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
|
Қосымша-1
жазып қою
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)
3-том. – Алматы, 2010.
Қосымша-2
Сурет
|
Сабақтың ортасы
10 мин
Зерттеуге
12-мин
Қорғауға
|
Зерттеу мен талдау
(Т) Мәтінмен жұмыс
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей патшайымына жолданған хаттың мазмұны туралы зерттеулер жүргізеді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаға сәйкес, мәтіннен өздеріне қатысты мәліметтің астын сызып жинақтайды, талқылау жүргізеді. Топтар сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды. Мұғалімнің кері байланысы жүзеге асады.
Мәтінді оқу.
«Сыни ойлау мен зерттеу»- пәндік дағды, оқылым- тілдік дағды жүзеге асады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
1-топ. Кіші жүздің Ресейге қосылу себептері;
2-топ. Кіші жүзден Петерборға аттанған елшілік;
3-топ.Әбілқайыр ордасындағы Тевкелев елшілігі
Дескриптор:
1-топ, Тарихи көрініс (рольдік ойын) дайындау
- Кіші жүздің Ресейге қосылу себептерін анықтайды;
-Тарихи оқиғалар барысынан 2 дәйек келтіреді;
2-топ, Тарихи көрініс (рольдік ойын) дайындау
-Кіші жүзден Петерборға аттандырылған елшіліктің мақсаты, барысы мен нәтижесін түсіндіреді;
- Тарихи оқиғалар барсынан 2 дәйек келтіреді;
3-топ, Тарихи көрініс (рольдік ойын) дайындау
-Хан ордасына келген Тевкелев елшілігінің мақсаты, барысы мен нәтижесін талдайды;
- Тарихи оқиғалар барысынан 2 дәйек келтіреді.
Интерпретация
(Т) «Қөзқарастар тайталасы»
тапсырмасы
Сыныпта пікірталас ұйымдастырылады. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей империясының бодандығын қабылдау іс-әрекетіне екі жақты баға беріледі.
Сынып бөлмесінің бір жағына «Әбілхайыр ханның тарихи кезеңде Ресей империясының бодандығын қабылдауы дұрыс болды. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары және бөлменің екінші жағына «Әбілхайыр ханның тарихи кезеңде Ресей империясының бодандығын қабылдауы дұрыс болмады. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары топтасып, өз көзқарастарын қорғайды.
|
Оқулық
Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.
Қосымша-3
Мәтін-таратпа
«Қөзқарас-
тар тайталасы»жазылған парақты іліп қою
Қосымша-4
Мәтін-таратпалар
|
Сабақтың соңы
1 мин
|
Рефлексия. «Блоб» ағашы
-Мен бүгінгі сабақта қандай деңгейдемін?
|
Түрлі түсті стикерлер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|