Сабақ тақырыбы Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы (1-сабақ)



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі265,51 Kb.
#135166
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспары. Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы. 8 сынып



ҰМЖ бөлімі: 1В - XVIII ғас. Қазақ хандығы




Сынып: 8

Мұғалімнің аты-жөні: Матаева Н.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы
(1-сабақ)
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр хан Анна Иоановна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?

Оқу мақсаты

7.3.1.2 - Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

Сабақ мақсаттары

Барлығы: империя, отар, форпост, редут, сепаратизм ұғымдарының мағынасын зерделейді;
Көпшілігі: Тәуке, Әбілқайыр, Қайып хандардың т.б. тұлғалардың тұлғалық ерекшеліктерін тұжырымдайды;
Кейбіреуі: Қазақ хандығының Ресей империясына қосыла бастауына итермелеген себептер мен оның салдарын анықтайды

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Бағалау
критерийлері

Қазақ хандығының Ресей империясына қосыла бастауының себептері
мен салдарын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: жаңа ұғымдарды жазады, дауыстап оқиды, сұрақтар қояды, мәтінге тұжырымдамалық карта жасайды, оны қорғайды, тапсырманың не себепті қиын болғанын түсіндіре алады. Пәндік лексика мен терминолгия: империя,отар, форпост, редут, сепаратизм
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Менің ойымша Әбілқайырдың жүргізген саясаты .... болды. Себебі, жоңғар, қытай елдерінен .... төнген болатын.
Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы ... Біздің анықтағанымыз ...
Талқылау сұрақтары:
Қазақ хандығы құрылғаннан бергі хандардың ішінде кімдердің қызметін ерекше атап өтер едің?
Әбілқайыр хан Анна Иоановна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
Жазылымға арналған тапсырма: «Сәйкесін тап» кестесі, «Тарихи диктант», «Т кестесі»

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

Құндылықтарға баулу

Ұлттың өткен тарихына құрметпен қарау, тұлғааралық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихы, География

Алдыңғы білім

XVІІ ғас. Қазақ хандығының ішкі саясаты, Тәуке хан жайында біледі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет