Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата19.06.2023
өлшемі252,5 Kb.
#102224
түріСабақ
Байланысты:
1 сабак


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 5

Бөлім: I.Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ отбасының дәстүрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5.1.1.1 - тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды

Тілдік мақсаттар

Отбасы, дәстүр, тәрбие, татулық, құрмет,үлгі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақтың басы
7 минут



Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Көңіл-күйім» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл-күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады

слайд

Суреттер


Сабақтың ортасы
30 минут



Сөздікпен жұмыс:
Қандай отбасы?
Тату, үлгілі отбасы
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.


Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.





Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Оқулық
4 бет

сөздік
слайд




1-тапсырма Жазылым
Бірінші диаграммаға отбасымен байланысты туыстық атауларын,екінші диаграммаға «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жаз



Жазылым
Бірінші диаграммаға отбасымен байланысты туыстық атауларын,екінші диаграммаға «Қандай отбасы?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазады.

Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді;
-диаграмманы толтырады



Оқулық
4 бет

Оқулық
4 бет



2-тапсырма Жазылым
Диаграмманы пайдаланып, өз отбасың туралы мәтін құрап жаз

Диаграмманы пайдаланып, оз отбасы туралы мәтінді құрап жазады.



Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Оқылым, айтылым. 3-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқы.Мұғалімнің көмегімен өлеңдегі туыстық атауларды тауып,олардың мағынасын анықта.Өлең мазмұнын өз сөзіңмен айт.



Оқылым, айтылым.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұнын өз сөздерімен айтады.







Айтылым, оқылым
4-тапсырма. Диалог.Жағдаят:Бір-біріңмен поезда кездестіңдер.Амандасыңдар, танысыңдар.Өз отбасың туралы диалог құрап жазыңдар. Тілдік бағдар:тәуелдік жалғауының жекеше түрлерін оқы


Бір-бірімен танысып, амандасады.


Өз отбасы туралы диалог құрады.
Тәуелдік жалғауының жекеше түрлерін оқиды

Дескриптор
-сұрақтарға жауап береді;
-диалог құрайды;
- оңаша тәуелдеуді оқиды;

Оқулық
5 бет






Тыңдалым, оқылым
5-тапсырма
Мәтінді тыңда, оқы
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріңе аудармасымен жазып ал



Мәтінді мұқият тыңдап, мәнерлеп оқиды.
Қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптерге жазып алады.

-мәтінді қатесіз оқиды;
-сұрақтарға жауап береді;

Оқулық
6 бет




Жазылым
6 тапсырма
Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жаз
Үлгі:отбасы + м

Мәтіндегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді үлгіге қарау арқылы теріп жазады.

-оқушылар сөздерді теріп жазады;
-іс-әрекетке түсініктеме береді;

Оқулық
6 бет

Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия (Ө)Әдісі: Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтер арқылы көрсетеді.






Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді жаттау. Тәуелдік жалғауының жекеше түрін жаттау.
Бағалау.Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет