Мақал сөздің мағынасын үйрету. Мақал жаттауға, оның қолданылуын үйрету.
Сабақ кезеңі/
уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Не үшін керек?
Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!
— Құлақ деген не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
— Жүрек деген не үшін керек?
— Жауларымнан қыңбау үшін!
— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін!
— Ал аяғың?..
— Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!
Оқу мақсатын жариялау:
Бүгінгі сабақта мақал — нақыл сөздермен танысамыз. Қазақ халқы ежелден келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарымен өзге елдерден ерекшеледі. Ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды сақтау әрбір қазақ азаматының міндеті. Бүгін мақал сөздермен танысамыз.
Мұғалім сұрайды, ал балалар қимылмен жасап, жауап береді.
Бағдаршам көздерімен бағаланады
Қима қағазға жазылған сөздер
Сабақтың ортасы
35 мин
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.
Бейнебаян
https://www.youtube.com/watch?v=hTaKLYaN5g8&t=145s
Ұжымдық жұмыс
Отан:
1. Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Достық, жолдастық туралы:
1. Досы көпті жау алмас.
2. Жолдасы көптің олжасы көп.
Өнер, білім туралы:
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.
Ұл-қыз туралы:
1. Ұлың өссе ұлы жақсы ауылмен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол.
2. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.
Денсаулық туралы :
1.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
2. Дені саудың – тәні сау.
Дескриптор:
Отан; достық, жолдастық; өнер, білім; ұл-қыз; денсаулық туралы мақалдар тауып айтады.
Тапқан мақалдарың мағынасын түсіндіреді
Сергіту сәті
Отырып-ақ орныңда
Айдың көлді кешемін
Сен білмесең егерде
Былай ескек есейін.
Жұптық жұмыс
Мақалды тап ойыны
Дескриптор:
Жұптасып мақалдарды табады..
Тапқан мақалдарын кестеге жазады.
Бейнебаяннан қандай ой түйгенін айтады.
Отан; достық, жолдастық; өнер, білім; ұл-қыз; денсаулық туралы мақал сөздер айтады, мағынасын ашады.
Сергіту сәтін мұғалңммен бірге жасайды.
Жұптасып мақалдарды табады.
Житондар-мен бағаланады
Графопроектор,түрлі түсті маркер, флитчард
Қима қағаздар
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия:
Мақал туралы не білдік?
Қандай мақалдар білеміз?
Жетістік баспалдағы арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Стикерге өз аттарын жазып, баспалдаққа жапыстырып, сабаққа кері байланыс жасайды.
Стикер, алма ағашының суреті, маркер
Сабақ жоспарының құрылымы
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Мақал-мәтелдер айтысы
Сабақ мақсаттары
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, мақал-мәтелдер жаттауға үйрету. Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге, әдептілікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Сиқырлы айнадан
Өзіді көремін,
Бақыттан жайнаған
Көзімді көремін.
Оқу мақсатын жариялау:
Мақал-мәтел-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор рухани байлық.
Қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал-мәтелмен небір үлкен дау-дамайларды шешкен. Сондықтан да мақал-мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну сендерді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге, шебер де әдемі сөйлеуге үйретеді.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Айна
Суреттер қима қағаздар
Ортасы 35 мин
«Сөз маржаны» әдісі
Мақал мәтел туралы анықтама.
Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсеңде халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Ұжымдық жұмыс
Қанеки, мынадай мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп көрейікші.
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
Бірлік болмай,тірлік болмайды.
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
Не ексең соны орасың.
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.
Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Дескриптор:
Ұжымдасып мақалдардың мағынасын табады.
Қолданылуына мысал келтіреді.
Мақал-мәтелдер жарысы
1. Ғылым – білім туралы.
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Киіміне қарап қарсы алар,
Біліміне қарап шығарып салар.
Қына тасқа бітеді.
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығар,
Білімі күшті мыңды жығар.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
2. Еңбек туралы.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбегіне қарай – құрмет,
Жасына қарай – ізет.
Еңбегің өнімді болса,
Көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
3. Адалдық пен достық туралы.
Досыңның үйі – өз үйің,
Досыңның сыйы – өз сыйың.
Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.
Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол.
Досы көпті жау алмас,
Білімдіні дау алмас.
Досы көппен сыйлас.
Дос-ажарың, жолдас-базарың.
4. Ар мен намыс туралы.
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары мың жылқы.
Ел намысы – ер намысы.
Өлімнен ұят күшті.
Мал сақтама, ар сақта.
Атты қамшы айдайды,
Ерді намыс айдайды.
5. Отан, туған жер туралы.
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
Туған жер-тұғырың,
Туған ел-қыдырың.
Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.
Туған жердің күні де ыстық, түні де.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Дескриптор:
Мақалдарды мұғаліммен қайталап айтады.
Мақалдарды жатқа айтады.
Ұжымдасып мақалдардың мағынасын табады.
Қолданылуына мысал келтіреді.
Мақалдарды мұғаліммен қайталап айтады.
Мақалдарды жатқа айтады.
Смайликтер
Мақал-мәтелдер жазылған А4 форматты қағаздар
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Жатқа мақал айтып, мағынасын ашып беріңдер.
Бағдаршам түстерін көрсетіп кері байланыс жасайды.
Бағдаршам түстерін көрсетіп кері байланыс жасайды.
Бағдаршам түстері бейнеленген фишкалар
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Төле бидің он жұмбағы және Қазыбек бидің шешімі.
Сабақ мақсаттары
Билер жайлы мәлімет алады. Төле би мен Қазыбек бидің тапқырлығымен танысады
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Мына аспан астында
Жақсы дос көп табылар
Мен де соның бірімін,
Дос бас иемін!
Оқу мақсатын жариялау:
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
Төле би
Қазыбек би
Әйтеке би
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
«Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі
Жұмбақтар шешу
Он жұмбақ Қазыбек би мен Төле би
Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаздауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:
– Қаздауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би.
– Айтыңыз, айтыңыз?
– Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң-тамаша болады.
– Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады екен? –дейді отырғандар.
– Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз, – дейді Қаздауысты Қазыбек.
– Рұқсат, рұқсат! – дейді Төле би.
– Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.
– Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.
– Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
– Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
– Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
– Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
– Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.
– Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
– Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
– Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дау болмас деген, – дейді Қаздауысты Қазыбек.
– Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, – деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.
Мәтінді түсініп оқыңдар
Сұрақ-жауап
Мәтінде не туралы?
Жұмбақты кім жасырды?
Жауабын кім тапты?
Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
Жұптық жұмыс
Қазыбек бидің жауабы
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді.
Берілген сандарға Қазыбек бидің жауабын жазады.
Ұжымдасып жұмбақты табады.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді
Берілген сандарға Қазыбек бидің жауабын жазыңдар.
Смайликтер
А4 форматта жазылған мәтін
Сандар жазылған қима қағаздар
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикерге аттарын жазып қос ағашқа кері байланыс жасайды.
Стикер маркер
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Он жұмбақ Қазыбек би мен Төле би
Сабақ мақсаттары
Жұмбақ жайлы мәліметтер алады, Төле би мен Қазыбек бидің өмірімен танысады.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнапғ бір жүрер
Достарым көп, білемін!
Оқу мақсатын жариялау:
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Ұжымдасып мәтінді тыңдайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
«Білгенге маржан» әдісі
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Ұжымдық жұмыс
Дескриптор:
Мәтінді мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Мәтінді мұқият тыңдайды
Сұрақтарға жауап береді.
Смайликтер
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Жұмбақ дегеніміз не?
Қазыбек би туралы не білдік?
Төле би туралы не білдік?
Бес саусақ әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
Сабаққа кері байланыс жасайды.
Стикер маркер
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Жаңылтпаштар жарысы
Сабақ мақсаттары
Жаңылтпаштар айтуға жаттығады, тілдік дағдылары қалыптасады.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Бақыт деген-
Осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып
Тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-
Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін
Адал жүрек сендегі.
Оқу мақсатын жариялау:
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
1. Абалақ-сабалағы шыққан
Арланды абалатпасаңдаршы,
Абалаған арланға
Абат бақты аралатпасаңдаршы.
2. Ақылсынған ақылшы ма,
Астамсымай нақыл ұсынған
Ақсақал ақылшы ма?
3. Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар?
Алашаларды
Таба алса, алар.
4. Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны.
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.
5. Әжемнің әжесі әжімді емес,
Әжімді әжеме әзілкеш те
Әжімдісің деп әзілдемес.
6. Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,
Қойыңды мал жусанға жай, Тайқарбай!
– Тайқарбай, Байқарбайларың толып жатыр,
«Әй, Тайқарбай» дегенің қай Тайқарбай?
7. – Бағдамшы, мына бағана
Бағанағы бағана ма?
– Бағда маған ұнамаған
Бағанағыдай бағана.
8. Балдыр балғын құрақтан бағалырақ па,
Балғын құрақ балдырдан бағалырақ па?
9. Бекіністе бес дос кездесті,
Белдігін тартып бестілерінің,
Бетегелі бөктерде белдесті.
10. Бұғанақты бұзаудң бұғанасын
Бұлтақтатқанда
Белгілі бұра алмасың.
Бұла бұзау
Бұлтақтап туламасын.
«Кім жылдам?» әдісі
Дескриптор:
Жаңылтпаштарды жатқа айту.
Ұжымдасып жаңылтпашты айтады.
.
Жаңылтпашты жатқа айтады
Смайликтер
А4 форматта жазылған жаңылтпаштар
Жаңылтпаш жазылған қима қағаздар
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикер маркер
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Өнер алды қызыл тіл.
Сабақ мақсаттары
Бала бойында әдептілік пен алғырлық, адамгершілдік қасиеттерді қалыптастыру. Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, ұлы ғұламалар сөздерін жатқа, мәнін түсіне оқу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Шақырамын сендерді
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа,
Дөгеленген шеңберді
Оқу мақсатын жариялау:
Сүйемін туған тілім ө ана тілін,
Бесікте жатқанымды ө ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С.Торайғыров)
Тіл арқылы адамдар бр – бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
«Сөз қадірі — өз қадірің»
Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән береді.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет — ой-пікірің қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік.
Ана тілінде сөйлеу, оған деген қөзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні: әр азаматтың ана тілін Отанандай, туған халқындай, ата- бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруінде.
«Талаптыға нұр жауар» әдісі
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым — Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенен.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым — Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен…
Дескриптор:
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Өлеңді жатқа айтады.
Ұжымдасып жұмбақты табады.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді
Смайликтер
А4 форматта жазылған мәтін
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикерге аттарын жазып қос ағашқа кері байланыс жасайды.
Стикер маркер
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Абайдың даналық сөздері
Сабақ мақсаттары
Ұлы ақын Абай туралы мәлімет беру, даналық сөздерімен таныстыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.
Оқу мақсатын жариялау:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Ұлы ақын, композитор, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
Қазақ халқы сөздің құдіреті арқылы кез келген дүниенің шешімін таба білген. Атадан қалған өсиет, ұлттық әдебиетіміз бүгінгі ұрпақтың қолындағы үлкен мұра. Сөз туралы айтқанда алдымен қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған хакім Абай ойға оралады. Өйткені, Абай туындылары тәрбиенің бұлағы іспетті. Хакім Абайдың даналық сөздеріне үңілсек адамзатты туралыққа бастаған ізгілікті көреміз.
«Абайдың: «Адал жүріп, адал тұр» деген сөзі бар. Осы бір даналық сөз өмірлік ұстанымымдарың болсын «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын!» деген хакім сөзі саналыға ой салары анық. Адам баласы қанша жерден білімді болса да мінезінің дұрыс болу керектігін ұлы Абай осы бір астарлы сөздерімен жеткізген тәрізді.
Ал, «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» деген даналығы адам баласын өз ісіне есеп беруі арқылы жамандықтан тыйылып, жақсылыққа ұмтылуға шақырады.
«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» дейді дана Абай.
«Даналық шыңы» әдісі
1. Распенен таласпа.
2. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
3. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.
4. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.
5. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
6. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
7. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
8. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар.
9. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
10. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
11. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
12. Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.
13. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.
14. «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
15. Серт бұзғанның орны шоқ.
Дескриптор:
Даналық сөздерді мұқият тыңдайды
Мағынасын ашады
Жұптық жұмыс
Абай
Дескриптор:
Тірек сөздерге Абай туралы жазады
Ұжымдасып мәтінді оқу
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Даналық сөздерді мұқият тыңдайды
Мағынасын ашады
Тірек сөздерге Абай туралы жазады
Смайликтер
А4 форматта жазылған мәтін
Сандар жазылған қима қағаздар
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Абай кім?
Абайдың даналық сөздерін айтыңдар
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикерге аттарын жазып бағдаршамға кері байланыс жасайды.
Стикер маркер
Мұғалімнің аты-жөні
Күні:
Сыныбы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Сабақ тақырыбы
Абайдың 1-2 қара сөздері
Сабақ мақсаттары
Абайдың қара сөздерімен таныстыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Оқытушының
іс-әрекеті
Оқушының
іс- әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 мин
Ынтымақтастық атмосферасы
Достар , бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
Оқу мақсатын жариялау: