Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.
Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
Халқым үшін тудым Жер дауы мен жесір дауының дүрілдеп тұрған кезі екен. Ноғайлы мен қазақ бір жерге таласа берген көрінеді. Сонда әлгі дауды біржолата бітіру үшін Сыпатай батыр қол жиып ноғайлы еліне аттанбақ болады. Осыны естіген он үш жасар бала Бөлтірік сапарға бірге аттанбақ үшін Сыпатай батырға жолықпақшы. Астында көк құнаны бар сәлем беріп келген балаға : Балам, қайда бармақсың? Дейді батыр. О, қобасы батыр аға, мен халқым үшін тудым, халқыма төнген жауға белімді бекем будым. Бала боп мылтық ата алмаспын, бірақ жаудан жасқанып үйде жата алмаспын. Бір кәдеңізге жарармын. Сыпатай қолбасы ат үстінде ойланып тұрып: - Жарайды, түртұлғасы келіскен бала екен, барсын!, - дейді. Ертесіне он мың қол жолға шықты. Жер шалғай. Бірнеше күн сабылып шаршап, Ноғайлы елінің шетіне келгенде, Сыпатай батыр қолын тоқтатып, мыңбасылармен аңаша кеңес құрды. Бүгін түсте Ноғайлыға жетеміз. Елдің ежелден келе жатқан ережесі бойынша, жау алдымыздан кісі шақырады. Ол топтан озған жүйрік, құланнан озған күлік, ойға бай, сөзге шешен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегендей, бізді қарсы алып, бір ауыз жұмбақ айтады. Оны дауын даулап келе жатқан жақ шешсе, төбе би өздерінен сайланады, шеше алмаса, төбе би дау беретін елден сайланады. Бір төбе бидің өзі барлық бидіңсалмағына тең.Осы сынға дайындалыңдар. Жауап бере алмай, жеңіліп қалмаңдар. Араларыңда шешен, шеберлерің бар. Дау аламыз деп келе жатармыз. Тұрған жұрттың арасынан анауда, мынау да : - Ой, оған сөз табамыз, жұмбағын шешеміз ,-десті. Түс ауғанда Ноғайлы руының қарасыда көрінді. Боз ат мінген, басына ноғай бөрік киген бір шешен, ділмар сабылыпшұбырып келе жатқан қолдың алдына шығып, алыстан айқай салып келіп: - Ассалаумағалейкум, ақтабандар, - деп сәлем берді.Білгіш көсемсіп, жүйрік шешенсңп келе жатқандар әлгінің ен дегеніне түсіне алмай аңырып тұрып қалды. «Ақтабандар» деп шұбырып келе жатқандарын келекетіп айтқанын Бөлтірік түсініп қойып, құнанын тебініп, алға шығып: - Уағалейкумәссалам, өлігін сүр ғып сақтағандар, - деп бала қырандай саңқ ете қалды. Ноғайлы елінің қысы суық, аязды болады, кісісі өлсе оны күн жылынғанда, жер жібігенде жерлейміз деп арша ағаштың басына салып қақтап қояды екен. Бөлтірік соны мін етіпті. Келген кісі үн-түнсіз атының басын бұрып, он мың қолдың алдына түсіп жүріп отырып, бір ауылға әкеліп түсіреді. Сыпатай қолбасының сарбаздары етін жеп, шайын ішіп жата береді. Әбден тынығып алған соң Сыпатай оңаша кеңес өткізеді. - Ел иесіз, жер киесіз болмайды деген, қарағым Бөлтірік, халқың үшін туған екенсің. Мына мен балсам қартайдым, еліңе ие бол, деп мыңбасыларға қарайды. - Ал мыңбасылар, құдай тілегімізді берді, жолымыз болады екен, бала Бөлтірігіміз жақсы ырым жасап, ұпай әперді. Жігіттер, бүгінгі кеңесіміз, ертең таң атқаннан кейінгі жерде ұлық бізді шақыртады. Ол: «Қазақ, жнңіс сенікі болды, төбе биіңді сайла, кімді сайлайсың», - дейді. Сол уақытта біз кімді сайлаймыз, батырлар? Отырған мыңбасылар: Батар, сіз өзіңіз боласыз да төбе би. Сізден өзге кім лайық еді? десті. Сыпатай ойланып отырып: - Иә, халқым, қазақ елінің абыройын жапқан мына кішкентай бала ғой. Осы балаға бүгіннен бастап халқымыздың аруағы да, бақыты да қонды. Мен болсам қартайдым, - дегенінде жұрт шу ете түсті. - Жарайды, болса болсын бала төбе би ! Ертемен тұрып, тамақтанған соң, ұлықтың адамы келеді. - Қазақтар жеңіс сендердікі болы. Төбе билеріңді сайлап, ұлықтың алдына әкеліңдер! Он мың қол кеше ақылдасып төбе биге Бөлтірікті сайлап қойған. Баланы киіндіріп, екі жағына да екі кісі ертіп беріп Сыпатай орнынан көтеріліп: - Жай қолыңды, балам, деп жылап тұрып батасын берді. Батаны алып жүре бергенде жұртының көзіне он үштегі бала дәл жиырмадағы жігіттей көрінген екен. Жұрт сүйсініп қалады. Бөтірік ұлықтың алдына келіп, бас иіп сәлем берді. Ұлық таңырқай қарап тұрып: - Қайсың төбе бисің? - деді. - Тақсыр, төбе би мына мен боламын ! - Бала басын төмен иді. - Балам, тым жас екенсің ғой Біздің қазақта «қайрат атта болады, ақыл жаста болады» деген мақал бар. Жас болсам, тақсыр данышпан шығармын, елімді қорғап жаумен алысқан шығармын, - дегенде ұлық риза болып: - Кел, балам, деп оң жағына отырғызып, өзімнің балам да сендей еді, жарайды екенсің, - деп ұлық ерекше ықылас танытқан екен. Сол жолы Сыпатай батыр тобы бала Бөлтіріктің алғырлығының арқасында жер дауында жеңіске жетіп, еліне үлкен мәртнбемен оралған екен.
«Тапқыр болсаң тауып көр» әдісі
–
Сұрақ-жауап
Жұптық жұмыс
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді.
Ұжымдасып
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді
Смайликтер
А4 форматта жазылған мәтін
Сандар жазылған қима қағаздар
Соңы 5 мин
Рефлексия:
Стикерге аттарын жазып кері байланыс жасайды.
Стикерге аттарын жазып қос ағашқа кері байланыс жасайды.