Әйтеке Байбекұлы (1682 -1766 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Қимыл іс-әрекетпен жасайды.
Суреттер
Ортасы 35 мин
Ұжымдық жұмыс
XVII ғ. аяғы және XVІІI ғ. басындағы Қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің күрделі тарихи кезеңі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қызметімен байланысты. Қазақтардың қоғамдық өмірінің осы кезеңінде олар өте үлкен роль атқарды. Билер Тәуке хан кезінде «Жеті жарғы» жоғары заң шығарушы кеңесіне кірді. Олар үш жүздің мүддесін қорғады, оларды «Орда би» деп атады. Әр руда ақсақалдар кеңесі сенім білдірген басшы-билер болған.
Қазақтардың этникалық құрамында барлық түркі тайпалары және моңғол тегінен шыққан тайпалар болған. XV-XVII ғасырлардағы шиеленіскен халықаралық жағдайға қарамастан, қазақтар ұлттың айқын құрылымын қалыптастыра алды. Этникалық организмнің негізін генеалогиялық өзара туыс болып келетін тайпалар құрады. Ұлыс билері басшылық еткен үш этно-саяси бірлестік болды.
Ұлы үш бабамыз қазақ халқы тарихының ауыр кезеңінде халықты ұлы ақиқатқа сендіре білді: «Тарихтың қиын белеңінде бірлігінен айрылған өмірінен де айрылады». Бұл көрнекті тұлғаларға қазақтардың бірлігі туралы бірінші айту жазылды. «Бұдан былай келісім мен бейбітшілікте өмір сүрейік» — деп үндеді Орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек биі.
Әрине, қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша билер қылмыстық істерді де шешкен. Бірақ азаматтық істерді, руаралық қатынастар, өзге халықтармен байланыс жасау мәселелері басым маңызға ие болды. Билер қазақ халқының құқықтық мәдениетінің қорғаушылары болып саналды. Олардың негізгі ұстанымдары адамгершілік, парасаттылық, әділдік болған. Олар үшін хан, сұлтандар құқығының нормаларын білу маңызды болды. Ол үшін билердің зерделері жақсы болуы және өткен уақытта болған әртүрлі істерді шешу үлгілерін білуі керек болды. Билер өздерінің дәлелдерін фольклормен анықтауы қажет болды, ал тараптардың бәсекелестігі жағдайында өздерінің орақ тілдерімен, өткір сөздерімен өз шешімінің дұрыстығын сендіру керек болды. Міне, билердің осындай біртума қасиеттерге ие болуы керек болды.
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді.
Әйтеке би хат жазу.
Ұжымдасып
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді
Берілген сандарға Қазыбек бидің жауабын жазыңдар.