Сабақ Тақырыбы: «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі»


Алдымен топ басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып алайық



бет2/3
Дата06.06.2023
өлшемі25,12 Kb.
#99014
түріСабақ
1   2   3
Алдымен топ басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып алайық:


ЕРЕЖЕЛЕР:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;

4. Екі топқа тақырып беріледі.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.


I-топ. Бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
II—топ. Балаға сапалы білім беруде мектептің рөлі қандай?
Уақыты 7 минут.

5.Жеке тапсырма беру. Ситуациялық сұрақтар: Ата аналар үстел үстіндегі үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.


1.Мұғалімдер күнде сізге балаңыздың сыныптағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің әрекетіңіз?


2 . Балаңыз мектептен ойыншықты рұқсатсыз үйге алып кетеді, сіз оны үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
3. Балаңыз үйге келгеннен кейін барлық ойыншықтарын бүкіл үйдің ішіне шашып тастады, жина десеңіз тіліңізді алмайды, Сіздің әрекетіңіз? 
4.Сіздің балаңыздың сабаққа ынтасы нашарлап кетті, мұғалімдер, сынып жетекші тарапынан шағымдар жиі айтылады, балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?
5. Балаңыз күнде таңертең мектепке бармаймын деп жылайды, не істейсіз?
6. Балаңыз дүкенге кірген кезде қымбат ойыншықты сатып алып бер деп жылап тұрып алды, сіздің ақшаңыз жоқ. Сіздің әрекетіңіз? Осы қылығы бірнеше рет қайталанып отыр.
7. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?)
Уақыты 2 минут.
(әр ата ананың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
6.Сергіту сәті «Бинго». Тапсырма орындаған адам «Бинго» деп айтады.
7.«Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі



  1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтар тыңдап, қарап жүрсізбе?
    «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
    «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

  1. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасайма?
    егер «ия» десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтересіңіздер.
    егер «жоқ» десеңіздер сол қолдарымызды төмен ұстайсыздар.

  1. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
    егер «әке» десеңіздер қолды, алдымызға созамыз.
    егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз.
    егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет