Адамзатқа қайғы-қасірет әкелген бірінші дүниежүзілік соғыс соғыстың басталуы туралы мағлұмат алады;
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға соғыстың басталу себептерін, сипатын, әскери соғыс қимылдарының жүргізілу стратегиясы мен тактикасын түсіндіру, жаңа ақпарат алу арқылы білімдерін арттыруға жағдай жасау.
Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы АКТ-мен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
ХХ ғ басындағы дүние жүзінде болған тарихи оқиғаларды түсіне білуге,талдау жасау арқылы өзіндік ойлауға, сын көзбен қарап үйренуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
А. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері мен оның қайшылықтарын біледі;
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары туралы нақты ой айта алады.
С. Негізгі оқиғалар мен фактілерге өз бетінше баға беріп, шығармашылықтарын арттырып, қорытынды жасай алады.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жеке жұмыс,топпен жұмыс,сұрақты ұстап ал, Венн диаграммасы, семантикалық карта,тұлғаны сәйкестендіру,кесте толтыру.
Табыс өлшемдері:
Өз бетімен жаңа сабақты түсініп, өмірде қолдана алады, топпен жұмыс жасау дағдылары жетілдіріледі.
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
3-топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі.
1. ХХ ғасырдың басында халықаралық қатынастардың шиеленісуіне қандай жағдайлар әсер етті?
2.ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі нәтижесінде құрылған одақтарды ата?
3. Екі Одақтың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтап айтып беріңдер?
4.Балқан түбегін неліктен Еуропаның «жарылғыш қоймасы» деп атады?
5.Бірінші Балқан соғысы қандай халықаралық қайшылықтардан туындады?
6.Балқан соғысын бірінші дүниежүзілік соғыс себептерінің бірі деп қарастыруға бола ма?
Бірінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмнен үзінді көрсетіледі. Бейнефильмді көргеннен кейін сұрақтар қойылады:
- Оқушылар бұл бейнежазбадан не байқадыңыздар?
-Менде қандай сұрақтар туындады?.
- Мен нені байқай алдым?
Сабақтың тақырыбы қалай аталады?
«Бірінші дүниежүзілік соғыс»