Оқушылар диалогпен танысады .Диалогті тыңдау , хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.Оқушылар жұппен жұмыс істеп, үлгі бойынша сөйлесіп жаттығады.
(ОТ )Оқушылар «Менің елім» тақырыбына сурет салады ,содан кейін өзі салған суреті бойынша сөйлейді.Оқушылар суреттерінен сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыруға болады.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө).Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.