(МК, Ұ) «Есте сақта» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолданылуына аударады.Оқушыларға барамын –барасың-барады арасындығы айырмашылық түсіндіріледі.Мен сөзімен барамын,сен сөзімен барасың ,ол сөзімен барады қолданылатыны айтылады.Оны жаттықтыру үшін ,мәселен,мұғалім мен деп бастайды,оқушылар барамын деп аяқтауы керек.Осылай етістіктің уш жақта қолданылуы жаттықтырылады.
(МК, Ұ) 2-тапсырмадаоқушылар «Ол қайда барады ?»деген сұраққа жауап беру арқылы барыс септігі жалғауының қолданысын қайталайды ,берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын қайтадан 1-тапсырмадағы суретке аударады.Енді оқушылар сурет бойынша кімнің қайда баратынын түсініп айта алады.