Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударды. Сурет бойынша оқушыларға «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Медеу» мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай-ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді.
(МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар «Медеу» мұзайдыны туралы мәтінмен танысады.Мәтінді тыңдайды,қайталайды. Мәтін арқылы «Медеудің»
Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен, әдемі екенін және онда коньки тебуге болатыны туралы біледі.
|