Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
1-тапсырма (МК, Ұ)
Оқушылардың назары суретке аударыладыСурет бойынша жұмыс жүргізіліп, оқушылар дене мүшелерімен танысады
(Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін (Мынау не? Бас...) сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.Сонымен қатар оң, сол сөзін есте сақтау жаттығулары жүргізіледі
2-тапсырма (МК, Ұ)
Алмабектің суреті арқылы адамның бас мүшелерін салумен танысады. Берілген үлгі бойынша жаңа сөздермен танысады
(МК, Ұ) 3-тапсырмада
Оқушылардың оқылым дағдылары дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізідеді. Мұғалім тақпақты қимылдармен көрсетіп қайталатады.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Алақанды ашамыз
Бесті беске қосамыз
(Ж)4-тапсырма
Оқушылар сұрақ қою жауап алу дағдыларын жетілдіре түседі.Алдымен берілген диалогты тыңдайды, қайталайды, оқиды. Сонан соң үлгі бойынша сөйлеседі.
(О) Алақанның суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады. Салған суретті үйренген лексика арқылы қайталайды.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө). Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақа алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|