Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
1-тапсырма (МК, Ұ)
(Ж) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға оқу құралдарын қалай пайдаланатындарымен таныстырады.Берілген тапсырма бойынша оқушылар қаламмен жазамын,сызғышпен сызамын, өшіргішпен өшіремін,қайшымен қиямын тіркестерін айтуға жаттығады,мағынасын түсінеді.Ол үшін мұғалім суреттерді көрсетеді,сонымен қатар жаңа сөздерді іс-әрекетпен көрсетуі керек.Мысалы, қайшыны көрсетеді ,өшіргішпен өшіреді т.с.с.
(МК )Мұғалім “Есте сақта “ айдары бойынша оқушыларға жаз,сыз,өшір,қи,сурет сал сөздерінің мағынасын түсіндіреді.Оқушыларға мұның етістіктің бұйрық райы екенін атап көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны тек құрылым ретінде есте сақтаулар қажет.
|