Электронды суреттер: 1. Гистология, цитология және эмбриологии атласы, сур.2. Жасушаның ультрамикроскопиялық құрылысы. 2. Гистология, цитология және эмбриологии атласы, сур.4. Жасушаның сыртқы құрылысы. 3. Гистология, цитология және эмбриологии атласы, сур.5. Жасушаның кірпікшелері. 4. Гистология, цитология және эмбриологии атласы, сур.13. Жасушаішілік торлы аппарат (аппарат Гольджи). 5. Гистология, цитология және эмбриологии атласы, сур.29. Жасушаның митотикалық бөлінуі.
Үлгілер: 1. Лабораторные занятия по курсу гистологи, цитологии и эмбриологии. сур 3. Плазмолемма. 2. Лабораторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии. сур 4. Плазмолемманың зат тасымалдауындағы қызметі. 3.Жасушасыз құрылымдар. Гистология, цитология және эмбриология атласы, сурет 41.
Ситуациялық есептер Жасушаның сыртқы бетінде электронды микроскопиялық зерттеу арқылы көрінетін 9 жұп шеткі және 2 жұп орталық микротүтікшелер көрінеді. Бұл құрылым қалай аталады және маңызы қандай?
Электронды микроскоппен қарағанда жасуша плазмалеммасынан көптеген ұсақ өсінділер мен ашық түсті көпіршіктер көрінеді. Бұл көрініс қандай үдерісті білдіреді?
Электронды микроскоппен қарағанда плазмолеммада ашық және күңгірт түсті көпіршіктер түрінде көрінетін көптеген майда ойыстар анықтылды. Бұл құбылыстар қандай үрдістің көрсеткіші болып табылады.
Ішек ойыстарын астарлайтын жасушалар жиекті болады. Кей ауруларда олар бұзылады. Осындай кезде жасушаның қай қызметі зардап шегеді? Неге?
Жарақаттың жазылу барысында жасушалар мен сосын талшықтармен толығады. Жасушалар мен талшықтардың саны қалай артады?
Жасушалық емес құрылымдардың үш гистологиялық препараты бар. Препараттардың бірінде цитоплазманың көп массасын көруге болады, олардың құрамына көптеген ядролары бар жасушалар бөлінбейді. Басқа препараттан цитоплазмалық өсінділер арқылы біріктірілген жасушалар тобын көруге болады. Үшінші препаратта талшықтар және біртекті аморфты зат анықталады. Жоғарыда аталған құрылымдардың қайсысы симпласт болып табылады?
Жасушалық емес құрылымдардың үш гистологиялық препараты бар. Препараттардың бірінде цитоплазманың көп массасын көруге болады, олардың құрамына көптеген ядролары бар жасушалар бөлінбейді. Басқа препараттан цитоплазмалық өсінділер арқылы біріктірілген жасушалар тобын көруге болады. Үшінші препаратта талшықтар және біртекті аморфты зат анықталады. Жоғарыда аталған құрылымдардың қайсысы синцитий болып табылады?
Жасушалық емес құрылымдардың үш гистологиялық препараты бар. Препараттардың бірінде цитоплазманың көп массасын көруге болады, олардың құрамына көптеген ядролары бар жасушалар бөлінбейді. Басқа препараттан цитоплазмалық өсінділер арқылы біріктірілген жасушалар тобын көруге болады. Үшінші препаратта талшықтар және біртекті аморфты зат анықталады. Жоғарыда аталған құрылымдардың қайсысы жасушалралық зат болып табылады?
Зерттеушіге митохондрияны және жасушалардың лизосомаларын зерттеу тапсырылды. Ол үшін қандай әдістерді қолдануға болады? Бұл органелланы қандай белгілермен ажыратуға болады?
Кейбір жасушаларда иондаушы сәулелену әрекеті нәтижесінде жеке органеллалардың бұзылуы орын алады. Олардың қалдықтарын жасуша қалай пайдаланады?
Антиденелер пайда болған лимфа түйінінде көптеген бос рибосомалары бар жасушалар, көптеген лизосомалары бар жасушалар және жоғары дамыған түйіршікті эндоплазмалық тор бар жасушалар анықталды. Иммундық ақуыздар - антиденелер қанда көбейген жағдайда түйінде қандай жасушалардың саны күрт артады?
Жасушада жақсы көрінетін Гольджи кешені бар. Түйіршікті эндоплазмалық тор көп, митохондрия және жасуша орталығы бар. Басқа жасушада көптеген митохондрия, лизосомалардың көп бөлігі және түйіршікті және түйіршіксіз эндоплазмалық тор бірнеше мембраналары бар. Бұл жасушалардың қызметі қандай? Оларда ақуыз синтезі жүре ме?
Бүйрек түтікшелерінің жасушаларында уытты заттардың әсер етуі нәтижесінде тотығу ферменттері мен иондардың белсенді тасымалдану процесінің төмендеуі байқалды. Жасуша ішіндегі қандай құрылымдар бұзылады?