Жапырақтарының жүйкеленуі мен типтері
Қосжарнақты өсім-ң жапырақтарының жүйкеленуі торлы-қауырсынтәрізді не саусақ тәрізді.
Жапырақтылары жай және күрделі болып бөлінеді.
Қайың, бөртегүл, алманың жапырағы жай, ал бұршақ, акацияның жапырағы қауырсын-күрделі.
Даражарнақты өсім-ң жүйкеленуі параллель не доғатәрізді.
Жапырақтары ешқашан күрделі болмайды. Мысалы , інжугүл, жүгері, бидай, пияз, қамыстың жіңішке жапырақтарын айтуға болады .
Тіршілік формалары
Тіршілік формалары түзүші ұлпа - камбийдің болуына байланысты. Ол болмаса толыққанды сүрек, сәйкесінше ағаш қалыптаспайды. Даражарнақтыларда камбий түзілмейді, олар тек шөп не бұта болуы мүмкін. Тек Пальмалар ғана ағаш болады. Сабақтарында жылдық сақиналар бар сүрек қалыптаспайды. Ал, қосжарнақты өсімдіктер формалары әртүрлі: шөптер, бұталар, ағаштар.
Оқушыларды қызықтыру мақсатында тақырыпқа сай видеоролик көрсетіледі.
5 мин
Сабақты «Кім алғыр?» әдісімен өткізу тапсырылады.
Тапсырмалар: І.
Суретті анықтап қара да тұқымның бөлімдерін ата .
Тапсырмалар:ІІ.
Достарыңызбен бөлісу: |