Пәнге қатысты лексика мен терминология: ру, тайпа , жүз, ата-жұрт, ата-мекен, шежіре, жеті-ата, ақсүйек, қарасүйек, хан, сұлтан, би, батыр.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
«Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этникалық үдерістер .... орын алды, себебі,....» «Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттары .... болды, себебі,....» Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ..... ерекшеліктері болды.
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел» идеясын негізге ала отырып, өткен тарихимызды ұмытпай, рухани жаңғыру аясында оқушыларды патриоттық тәрбие бағыттау.
Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақта арқылы қорғалым жүргізу.
Бастапқы білім
Қазақтарда ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. «Ауызша тарихнама», «шежіре», «ру», «тайпа», «ата-жұрт», «ата-мекен», «ел» ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасыуының біріктіруші рөлі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. «Ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдары. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функциясы туралы білімдері бар.