Сабақ тақырыбы Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі43,33 Kb.
#13904
түріСабақ
  1   2   3   4


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4.А Дыбыс

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0




Сабақ тақырыбы

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

Бағыттаушы сұрақтар

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыс әртүрлі ортада қалай таралады?

Неліктен дыбыстың таралу жылдамдығы әртүрлі?


Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

Білу:

- Дыбыс толқындарының пайда болу процесін біледі;

Түсіну:

- Әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекешеліктерін түсінеді;



Қолдану:

Дыбыс толқынын сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолдана алады



Талдау:

- Дыбыс толқындарын суреттер немесе видеоролик арқылы түсіндіре алады



Жинақтау: Толқындарды демонстрациялап, эксперименттік тапсырмаларды қортындылай алады

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика және терминология:

Дыбыс жылдамдықғы қашықтық, жаңғырық, период, дыбыс тонының биіктігі, дыбыс қаттылығы



Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

… болғанша … реттеңіз

…………өлшеңіз

Қашықтықты өлшегеннен соң ...

Алынған деректерді кестеге енгізіңіз

……….графигін тұрғызыңыз



Миссия

Ұстаным

Құндылықтар

тұлғаның зияткерлік және шығармашылық ахуалын дамыту

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, сапалы білім беру

- жауапкершілік,ынтымақтастық,мақсаттылық



Пәнаралық байланыстар

Математика (дәрежелермен амалдар орындау)


АКТ қолдану дағдылары

Ресурстардағы берілген сайттармен жұмыстану

Бастапқы білім

Толқындық қозғалыс. Электромагниттік толқындар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


1.(W)= Тақырыбы: « Ой шақыру» стратегиясы

Мақсаты: Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу .

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға сөзжұмбақ шешуді ұсынады. Сабақтың тақырыбы ашылғаннан соң оқу мақсаттары айтылады және қазақша-орысша-ағылшынша сөздік беріледі.

Оқушы іс-әрекеті:Жеке жұмыстана отырып сөзжұмбақты шешеді. Оқушылар мұғаліммен бірге сөздерді қайталайды.
Кері байланыс: Мұғалім-оқушы.

Қосымша 1

Презентация,

Сөздік.


Сабақтың ортасы

10 мин

5 минут
5 мин

12 мин


2. (G)=Тақырыбы: Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы.

Мақсаты: Дыбыстың толқынды таралуына ортаның қажет екендігін және толқын жылдамдығының әртүрлі ортада әртүрлі екендігін түсіну;

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды кездейсоқ таңдау арқылы топқа бөледі. Топтарға тақырыптыр бөліп береді. Жұмыс барысын түсіндіреді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар топқа бөліну арқылы шағын мәтіндерді оқып, талқылайды. Әр топ постер дайындайды және қорғайды.

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Мұғалім іс-әрекеті: бағалау критерийі арқылы зерттеу жұмысының нәтижесінің дұрыстығын тексереді және қорытындылайды. Көшбасшы оқушыларды анықтайды, қолдау көрсетеді.
3. (Т1)Тақырыбы: Видео көрсетілім

Мақсаты: Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға виде көрсетеді. Видео бойынша сұрақтар қояды.

Оқушы іс-әрекеті: Видео қарайды. Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: Мұғалім-оқушы

(Т2)Тақырыбы: Адам дыбысты қалай естиді?

Мақсаты: Оқушылардың пікірін тыңдау. Адамның дыбысты қалай еститіндігін анықтау

Мұғалім іс-әрекеті:

  1. Оқушыларға «Адам дыбысты қалай естиді?» сұрақ қояды. Оқушылардың пікірін тыңдайды.

  2. Оқушыларға видео көрсетеді.

Оқушы іс-әрекеті:

  1. Қойылған сұраққа өз пікірлерін жауап береді.

  2. Видео көрсетілімді қарайды.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы

Бағалау:

Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Талдау:

- Дыбыс толқындарын суреттер немесе видеоролик арқылы түсіндіре алады




  1. Дыбысқа анықтама береді.

  2. Дыбысты сипаттайтын шамаларды айтады.

  3. Адам дыбысты қалай естиді?-сұраққа жауап береді.

(G)Тақырыбы: «Дыбыс» тақырыбына сандық есептер шығару.



Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға есептер мазмұнымен таныстырып, есеп жазылған парақшаларды үлестіреді

Оқушы іс-әрекеті: Есептерді орындайды.

Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы

Мұғалім іс-әрекеті: рефлексия жүргізеді.

Қосымша 2

Камертон.

Суы бар ыдыс, қоңырау.


http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1076-tolqyndar
https://twig-bilim.kz/film/what-is-sound-5702/

Қосымша 3


Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия жасау.

1. Бүгінгі сабақта біз не білдік?

2. Ал осы алған білімдерің сендерге не үшін керек?

3. Біз алдымызға қойған мақсатымызға жеттік пе?

4. Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?

V Үй тапсырмасын беру:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет