Жұмыстың орындалу ретін жазу (5 қадамнан кем емес)
Қорытынды жасау
Күнделікті өмірден мысалдар келтіру (2 кем емес)
Қосымша 3
Есептер шығару Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар. (0,67м)
Ер адамның ең төменгі даусы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар. (79Гц; 1360Гц)
Рояльдің жиілік диапазоны 90Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын анықтаңдар.(3,8м; 3,8см)
Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6м, ал периоды 0,006с болса, онда оның жылдамдығы неге тең?(1433м/с)
Найзағай жарқылынан 6 с өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта болған?(2060м)