Сабақ тақырыбы Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі43,33 Kb.
#13904
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Дыбыс . Дыбыс сипаттамалары.

Қосымша 2

1-топ. Дыбыс және дыбысты есту үшін қажетті шарттар.

Практикалық тапсырма. Дыбыс туындауының себептері.

2-топ. Сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау.

Практикалық тапсырма. Дыбыстың сұйықта таралуы.

3-топ. Дыбыстың әр түрлі ортада таралуы. Практикалық тапсырма. Дыбыстың қатты денеде таралуы.


Бағалау критерийлері:

Дискрипторлар

Білу:

- Дыбыс толқындарының пайда болу процесін біледі;

Түсіну:

- Әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекешеліктерін түсінеді;



Жинақтау: Толқындарды демонстрациялап, эксперименттік тапсырмаларды қортындылай алады


  1. Тақырыпты толық ашу;

  • Бойлық толқын анықтамасын білу

  • Дыбыстың таралу себептерін білу.

  1. Тәжірибені дұрыс жасау

  • Жұмыстың орындалу ретін жазу (5 қадамнан кем емес)

  • Қорытынды жасау

  1. Күнделікті өмірден мысалдар келтіру (2 кем емес)


Қосымша 3

Есептер шығару

  1. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар. (0,67м)

  2. Ер адамның ең төменгі даусы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар. (79Гц; 1360Гц)

  3. Рояльдің жиілік диапазоны 90Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын анықтаңдар.(3,8м; 3,8см)

  4. Егер су ішінде тарайтын дыбыстың толқын ұзындығы 8,6м, ал периоды 0,006с болса, онда оның жылдамдығы неге тең?(1433м/с)

  5. Найзағай жарқылынан 6 с өткен соң оның дыбысы естілді. Ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта болған?(2060м)




Бағалау критерийі:

Дискриптор

Қолдану:

Дыбыс толқынын сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолдана алады




  1. Есептің берілгенін дұрыс жазады. (ХБЖ айналдыру)

  1. Қажетті формуланы дұрыс қолданады.

  1. Есепетеу жолын дұрыс жүргізеді.

  1. Жауабын дұрыс жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет