Сабақ тақырыбы Дисперсия, стандартты ауытқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата30.04.2022
өлшемі56,1 Kb.
#32913
түріСабақ
Байланысты:
Алгебра.8-сынып.Дисперсия және стандартты ауытқу.қысқамерзімді жоспар (1)




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3С Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Дисперсия, стандартты ауытқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.4.5

статистикалық қатардың дисперсиясы мен стандартты ауытқуының анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын біледі;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Берілген деректер жиыны үшін орта квадраттық ауытқу және дисперсияны шашырандылықтың өлшемі ретінде түсінеді.

  • Статистикалық қатардың дисперсиясы мен стандартты ауытқуын есептеу формулаларын қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Статистикалық қатардың дисперсиясы және орташа квадраттық ауытқуының анықтамасын (мағынасын) біледі;

  • Статистикалық қатардың дисперсиясын және орташа квадраттық ауытқудың есептеу формуласын біледі және қолдана алады;




Тілдік мақсаттар

  • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • деректерді жинау және өңдеу үрдісі туралы тұжырымдайды;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біз х туралы деректерді жинадық.

Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .


  • шашырандылықтың өлшемі;

  • дисперсия;

стандартты ауытқу.

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру;(сабақ барысында оқушылардың мергендік қабілеті сыналады)

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияда сабақ тақырыбы, сабақ, оқу мақсаттары, тапсырмалар көрсетіледі.

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.

2.Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

1 слайд


Сабақтың ортасы
3 минут

10 минут


10 минут

13 минут


Қайталау: Оқушыларға қайталау ретінде мұғалім арнайы тапсырма береді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы алдыңғы мақсаттарды еске түсіреді.Сонымен қатар жұптар бір-біріне бағалау жүргізеді.Мұғалім кері байланыс береді.

Дискрептор:

-моданы есептейді;

-медиананы есептейді;

-арифметикалық ортаны табады;


Топтық жұмыс: (Деңгейлік тапсырмалар)

Топты мұғалім алдын-ала деңгейлестіріп(екі топ бір деңгейде) бөлінген. Топтық жұмыс деңгейлік тапсырмалар бойынша орындалады.



А-деңгейі:Бұл деңгей оқушылардың зерттеушілік қабілетін көрсетеді. Оқушылар өз мергендіктерін сынау үшін атады. Олар таңдалым ретінде өз нәтижелерін алу арқылы кесте құрып, құрылған кестеден дисперсия мен орташа квадраттық ауытқуды есептейді. Оқушыларын есепті шешіп болған соң бір-бірімен жауабын тексеріп бағалайды.

Дискрептор:

-Орташа арифметикалық ортасын табады;

-Дискрептор формуласын пайдалынады;

-Орташа квадраттық ауытқу формуласын есептеп табады;


В-деңгейі:Оқушылар слайдта көрсетілген тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалу барысында мұғалім кері байланыс береді.Тапсырма соңында оқушылар тақтада көрсетілген дискрептормен өз жауаптарын тексереді.

Дискрептор: (тақтада көрсетіледі)


С-деңгейі:

Оқушылар слайдта көрсетілген тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалу барысында мұғалім кері байланыс береді.Тапсырма соңында оқушылар тақтада көрсетілген дискрептормен өз жауаптарын тексереді, оқушылар өзін-өзі бағалауда іске асырады.



Дискрептор:

-арифметикалық орта формуласын қолданып x-ті табады;

-тапқан мәннен ең кіші мәнді алып керекті қосындыны алады;

-шыққан мәнді абсалютті жиілік санына бөледі;

-арифметикалық орта мәнін есептейді;

Оқушылармен бағалау крийтериін құрастыру мақсатында,мұғалім сұрақ қою арқылы бағалау крийтериін құрастырады.



2-3 слайд

4-5 слайд

6-7 слайд

7-9 слайд


Сабақтың соңы

2 минут


7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Келесі сабақтарды дұрыс жоспарлау үшін оқушылар рефлексиясы ұйымдастырылады:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:



  • Бүгін мен білдім …

  • Мен үшін қызықты болды …

  • Мен үшін қиын болды …

  • Мен … тапсырмаларды орындадым

  • Енді мен … орындай аламын.

Үй тапсырмасы : таратпа материал

Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы













Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет