Сабақ тақырыбы: Экожүйенің ауысымы Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары



Дата31.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#78091
түріСабақ




Бөлім: Экология және тұрақты даму

Мектеп: №14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебі
Қатысқан оқушылар:
Қатыспаған оқушылар:

Сынып:

6 «Б,В»

Күні:

03.04.2021

Сабақ тақырыбы:

Экожүйенің ауысымы



Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

6.6.1.2 экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру



Оқу мақсаты:

Экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау.

Сабақ түрі:

Жаңа білімді игеру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар үйренеді: экожүйелердің құрамдас бөліктерін біледі;
Көптеген оқушылар үйренеді: экожүйенің құрамдас бөліктерін түрлерін сипаттай алады;
Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы экожүйенің құрамдас бөліктерінің тірі ағзаларға әсерін талдай алады.

Бағалау критерийлері:

  1. «Экожүйе» терминінің анықтамасын біледі.

  2. Экожүйе құрам бөліктерін біледі.

  3. Экожүйелер мысалдарын келтіреді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:
Экожүйенің құрамдас бөліктерін сипаттай алады.
Терминология:
Экожүйе, биоценоз, биотоп, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, антропогендік факторлар.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Экожүйе дегеніміз ...
Экожүйенің құрамдас бөліктері .......................... және ..............................
Биоценоздың биотоптан ерекшелігі ...
Антропогендік факторлар - ............ , оларға келесі факторларды жатқызуға болады ...

Құндылықтарды
дарыту:

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.
Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Бастапқы білім:

Оқушылар 5 сыныптан экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтай алады, экожүйе түрлерінің классификациясын біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақ басы
0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу;
«The Hat» бағдарламасы арқылы оқушыларды 5 топқа бөлеміз.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында LearningApps.org бағдарламасы арқылы «Жасырынған терминдер әдісі» бойынша әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. Терминдерге анықтама береді.










Жаңа сабақ
6-35 мин



  1. Білім актуализациясы. Оқушылар «Экожүйе» туралы бейнематериалын қарайды. Бейнематериалдағы ақпаратты талқыға салу. «Инсерт» әдісі арқылы экожүйе туралы білгендерін толтырады.




Экожүйенің дамуына және ауысымына көбінесе климаттық жағдайдың кенеттен өзгеруі, Күн белсенділігі, тау түзілу үдерісі, жанартаудың атқылауы әсер етеді. Бұл факторларды абиотикалық факторлар (өлі табиғаттың факторлары) деп атайды.


Биом — белгілі бір ландшафтылық-географиялық аймақта мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар түрлері мен олардың тіршілік ету ортасының жиынтығы (мысалы, тундра, қылқанжапырақты орманды алқап, т.б.)
Экожүйенің солтүстіктен оңтүстікке ауысымы. Температура, жауын-шашын, ылғалдану, топырақ және басқа факторлардың өзгеруінен сол аймақтың экожүйесіне бейімделген өсімдіктер дүниесі қалыптасады (140 сурет).



Солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, орманды тундра, қылқан жапырақты орман, аралас орман және жалпақ жапырақты орман алқаптары кездеседі. Ылғалдың жетіспеуінен оңтүстікке қарай дала, шөлейт және шөл зонасының өсімдіктер дүниесі қалыптасады.





«Конверт әдісі» арқылы экожүйенің ауысысмы туралы әр топқа сұрақтар беріледі. Топ ішінде бірлесе отырып жауап береді.
I – топ. Экожүйенің ауысымы қандай факторларға байланысты болады? Мысал келтіріңіздер
II – топ. Қарағайлы орман қалай қалпына келеді?
III – топ. Экожүйенің солтүстіктен оңтүстікке ауысымы қалай қалыптасады?
IV – топ. Экожүйенің деңгейлерін атаңыздар.
V – топ. Экожүйеге адамның шаруашылық іс-әрекетінің әсері қандай?
Оқушылар «Экожүйе» тапсырмалар жинағындағы тапсырмаларды орындайды. Өзара бағалайды.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында компьютер арқылы «Кім жылдам» әдісі бойынша «Бәйге» жарысы әр топта жүргізіледі.



https://www.youtube.com/watch?v=58rctRL_2g0








Сабақ соңы
35-40 мин

Сабақ мақсаты мен критерийлеріне оралып, «Бағдаршам әдісі» арқылы кері байланыс жүргізу.

Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты берілген стикер арқылы бағаланады.


Үйге тапсырмасы: §49 оқу. 180 беттегі кестені толтыру.





Қосымша ақпарат



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар экожүйеге анықтаманы сұрақ-жауап арқылы береді; жаңа ақпаратпен танысу уақытында «ИНСЕРТ» кестесін толтырады;
Қабілеттері жоғары оқушылар - қосымша ақпаратты қолдану арқылы экожүйенің құрамдас бөліктерінің тірі ағзаларға әсерін талдай алады.

Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.



Тәсілдердің түрлілігі және шаршауды басу үшін оқушылардың бір-бірімен әңгімелесуі.
Дене сымбаты бойынша нұсқаулықтар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет