Сабақ тақырыбы: Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру



бет2/9
Дата05.04.2022
өлшемі23,35 Kb.
#29917
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Адамның еркіндігі – ол дүниенің іргетасын құрайтын әр зат пен құбылыстың өз тәуелсіздігіне деген «ұмтылысының» саналы көрінісі ретінде қаралуы керек. Әрине, адамды зорлап-зомбылауға, аяқ-қолын шынжырлауға т.с.с. болады. Бірақ оның ішкі рухани бостандығын, соған жетуге деген ынтасын еш диктатор, патша, жауыз ешқашанда жоя алмайды. Сонымен қатар бұл дүниеде өз тәуелсіздігін толығынан іске асырып, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан да бір нәрсе жоқ. Олай болса, абсолюттік еріктік те, дүние де жоқ. Бұл мәселені ерекше талдап, арнайы жазған кітабын Э.Фромм «Еркіндіктен қашу» деп атаған. Расында да, ойлап қарайықшы: абсолютті, шексіз еркіндікке жеткен адам шексіз жалғыздықтың ащы зардабын тартар еді. Өйткені ол барлық тәуелділіктен құтылды, өз «өзіндігімен» ғана қалып қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет