g=9,83 м/с2
g=9,8 м/с2
g=9,78 м/с2
G Жұптық жұмыс.
Тапсырмалар:
1. Иіндік таразыға ілінген 10 кг апельсин салмағы көбірек болады:
1) экваторда;
2) 450 ендікте;
3) полюсте.
2. Дене салмағы дене қозғалатын үдеуге байланысты болады.
Өткен сабақтағы білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтырыңдар(ТМ Кесте).
|
Үдеу
|
Денеге не болады?
|
Р салмақты
Fа ауырлық күшімен салыстыру
|
Есептеу формуласы
|
Дененің күйі
|
Рифма
|
1
|
а=0
|
1)Тыныштықта
немесе
2) тұрақты жылдамдықпен түзу сызықты қозғалады.
|
Р=Fт
|
Р=m•g
|
Дене тыныштықта немесе түзусызықты бірқалыпты
|
Үдеу жоқ, онда ауырлық күші дене салмағына тең
|
2
|
а
|
Үдеумен жоғары
|
Р> Fт
|
Р=m•(g+a)
|
Асқын салмақ
|
Үдеу жоғары бағытталса, онда асқын салмақ қаупі бар
|
3
|
а
|
Үдеумен төмен
|
Р< Fт
|
Р=m•(g-a)
|
Салмақ азаюы
|
Үдеу төмен бағытталса, дене жеңілдей бастайды
|
4
|
а= g
|
Дене тірекке әсер етпейді, аспаға ілінбейді, яғни салмақсыздықта болады.
|
Р = о
|
Р=0
|
Салмақсыздық
|
Үдеу g-ге тең болса, онда ол – салмақсыздық
|
W G I Тест тапсырмаларын орындау
Тесіліп қалған құтыдан сүт ағып жатыр. Егер байқамай құтыны құлатып алатын болса, онда сүттің еркін түсуі …
баяулайды;
ыдыстан ағуы тоқтайды;
тезірек ағады;
сүттің ағуы өзгермейді;
дұрыс жауабы жоқ.
2. Лифт 10 м/с2 үдеумен тік төмен түсіп келе жатыр. Лифт ішінде массасы 60 кг болатын адам бар. Адамның салмағы неге тең? (g = 10 м/с2)
1) 600 Н 2) 1200 Н 3) 0 4) 60 Н 5) жауабы жоқ
3. Дөңес көпірдің жоғарғы нүктесінде 72 км/сағ жылдамдықпен жүретін көліктің салмағын анықтаңдар. Осы нүктеде көпірдің пішіні радиусы 500 м болатын шеңберге сәйкес келеді, көлік массасы 500 кг.
1) 4900 Н 2) 4714 Н 3) 4600 Н 4) 4478 Н 5) 4324 Н
4. Массасы 40 кг бала, ұзындығы 4 м алтыбақанда тербеледі. 6 м/с жылдамдықпен тербелу кезінде ең төменгі нүктеде бала алтыбақан орындығына қандай күшпен әсер етеді.
1) 500 Н 2) 400 Н 3) 40 Н 4) 760 Н 5) 300 Н
Құрылымдық тапсырманы орындау:
5. I, G ( тақтада мұғалімнің түзету жұмыстары).
Массасы 85 кг ұшқыш түйіліп ұшу жасады.
(a) (i) ұшқыштың асқын салмақ нүктесін анықта. Оны суретте А нүктесімен көрсет.
(ii) бұл нүктеде ұшқыш неге асқын салмақ сезінетінін түсіндір.
(iii) А нүктесіндегі ұшқыштың салмағын анықта.
(b) (i) ұшқыш салмақсыздық қалпында болатын нүктені анықта. Оны суретте В нүктесімен көрсет.
(ii) неліктен және қандай жағдайда осы нүктеде ұшқыш салмақсыздық қалпында болатындығын түсіндір.
(iii) өз болжамыңды растайтын формуланы жаз.
Рефлексия: Егер дене тұрақты түрде күш түсірілетін болса, онда дене қалай қозғалады? Мысал келтіріңдер.
|
Презентация, ТМ тапсырмалар
ТМ Кесте
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|