Сабақ тақырыбы Ғаламның пайда болуы Сабақ барысы Жоспарланған


Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден



бет2/2
Дата10.12.2023
өлшемі390,73 Kb.
#135980
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8 сын ғалам

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адамт.б.
Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан атт.б.


Мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім керек болған жағдайда сөз тіркестеріне, оның жасалу тәсіліне түсінік береді.


ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы.
Тыңдалған мәтін бойынша жинақы мәтін жазу тапсырылады.


1-топ - «Ғалам» тобына: «ПОПС» формуласы.
Біздің пікірімізше...
Себебі...
Бұған дәлел...
Қорыта айтқанда...


2-топ – «Жер» тобына: мәтін мен суретті пайдалана отырып тезис құрастыру.


3-топ – «Шоқжұлдыздар» тобына: «Ғалам» сөзіне «Бесжолды өлең» құрастыру.


Дескриптор:

  • Тыңдалым материалы бойынша жинақы мәтін жазады;

  • Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіреді;

  • Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрамына қарай түрлерін ажырата отырып жазады.

  • Тезис, жинақы мәтін, бес жолды өлең талаптарын сақтап отырып жазады.

Қорытындылау.
Жеке жұмыс
Семантикалық карта

р/с

Мысалдар

Жай тіркес

Күрделі тіркес

1

Спираль тәрізді галактика







2

Галактикалық дискі







3

Ортасында орналасты







4

Ғарыштың пайда болуы







5

Жұлдыз шоғырынан тұрады







6

Құс жолы галактикасы







Дескриптор:
1. Сөз тіркесінің құрамына қарай түрлерін ажыратады;
2. Жай тіркес пен күрделі тіркесті табады.


«Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу кезеңі» видео
https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-zhane-halam/lesson/harysh-kengistigin-alhashqy-zertteu-kezengi



https://itest.kz/kz/ent/kazakh-tili/lekciya_soz_tirkesi_soz_tirkesining_bajlanysu_tasilderi_men_turleri_soz_tirkesining_sintaksistik_qatynastary


Сабақтың аяғы
3 минут

Рефлексия
Мұғалімнің кері байланысы.
Не жақсы болды? Нені жақсарту керек?

Кері байланыс. «Толған ай» әдісі
Толған ай – түсіндім
Жарты ай – сұрақтарым бар
Туған ай – түсінбедім







Үй жұмысы

Оқулық бойынша 8-тапсырма. 49-бет.




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғарышты игеру жетістіктері

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.4.1 - сөз тіркесінің құрамына қарай түрлерін ажырату, қолдану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:
Тақырыпты түсінеді; қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрамына қарай түрлерін түсінеді;
Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіреді.

Оқушылардың көпшілігі:
Берілген тақырып төңірегінде жеке көзқарастарын басқалардың көзқарасымен салыстырады. Тыңдалым материалы бойынша жинақы мәтін жазады.

Кейбір оқушылар:
Жинақы мәтін жазу барысында сөз тіркестердің жай және күрделі түрлерін ажыратып көрсетеді.

Бағалау критерийі

  • Берілген тақырып төңірегінде жеке көзқарастарын басқалардың көзқарасымен салыстыру;

  • Суреттерді диалогта/монологта тиімді қолданып, ақпараттарды дәлелдер арқылы жеткізу;

  • Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің құрамына қарай түрлерін түсіну;

  • Тыңдалым материалы бойынша жинақы мәтін жазу.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы т.с.с.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Біздің пікірімізше......
Себебі....
Бұған дәлел......
Қорыта айтқанда,....

Құндылықтар

  • Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

АКТ дағдысын қолдану

Bilimland.kz. Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия, жаратылыстану сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Мамандық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет