Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі158 Kb.
#125774
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
7 а топ элемент


Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі


Химия пәнінің оқытушысы Далеуова Алмагуль Асауовна


Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға галогендердің, хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық тәжірибелер арқылы теория мен практиканы ұштастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс жасауға қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: дәріс – сұхбат, түсіндіру, сұрақ- жауап,жеке және топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сабақ әдісі : Баяндау, сұрақ- жауап.
Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Ойын барысы.
4. Бекіту.
6. Бағалау .
5. Үй тапсырмасын беру
Топ студенттерін 3 топқа бөлеміз
ІІ. Психогеометриялық фигура




Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма, ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету,лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік,тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл.
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, таныстары мен достары көп.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет