Сабақ тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/8
Дата21.12.2022
өлшемі119,4 Kb.
#58864
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-сынып 21.12.2022ж

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

4 минут


Ұйымдастыру сәті. «Қошеметті қабыл ал» тренингі.
Оқушылар ортаға шақырылып, қыздар сол жақтан, ал ұлдар оң жақтан бастап шеңбер бойына тұрады. Үнсіз бір-біріне бас изеп, қошеметтеп қол соғып ілтипат білдіру арқылы жылы лебіздерін ұсынады.Әр қатысушы бірінің қошеметін қабылдай отырып, екіншіге ұсынады. Соңында барлығы бірлесе қол соғып, бір-бірін қошеметке бөлейді.
Топқа бөлу. «Сиқырлы сандықша» ішінен «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» деген жазулары бар қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарды үлестіру арқылы 3(аралас гендерлік ) топқа бөлінеді.

«Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан»деп жазылған түрлі түсті қағаздар.


Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

10 мин


3 мин



Топтық жұмыс. «Теледидар дикторы» әдісі.
Ширату тапсырмасы
Әр топқа ішінде аяқталмаған сөйлемі бар 4 конверт үлестіріледі. Топ мүшелері топта талқылайды. Бұл сөйлемдер мәтіні тақтада жазылып тұрады. Жауап беретін топ ортасына микрофон қойылады. Әр топтан өз қалауы бойынша басалқыны алған оқушы жіберілген көп нүкте орнына сөздер қойып, сөйлемді толықтырып жауап береді.
1. Жай бөлшекке кері санды табу үшін.......................
2. Кез келген натурал санды бөлшек түрінде жазу үшін.........
3. Аралас санды аралас санға бөлу үшін................
4. Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу үшін......
5. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.
6. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........
7. Аралас санға кері санды табу үшін......................
8. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін.................
9. Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу
үшін ........

Әр топ жауабын келесі топ дұрыс айтылғанын тексеріп, толықтырып, өз дұрыс жауабын беріп отырады, яғни бір топ екінші топ оқушылар қажеттігін анықтап отырады.


Қалыптастырушы бағалау: қошемет
Жұптық жұмыс. «Әткеншек» әдісі.
Топтағы оқушыларға тапсырмалар және кесте сызылған флипчарт беріледі. Әр топ А,В,С жұптарына бөлінеді, оқушылар топ ішінде орындарын ауыстыруға болады.Әр топтағы А,В,С жұптары өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.


1-қадам:

1-жұп. А. - жай бөлшекті жай бөлшекке бөлуге


-жай бөлшекті аралас санға бөлуге мысал келтір
2-жұп. В. - аралас санды жай бөлшекке бөлуге мысал келтір
-аралас санды аралас санға бөлуге мысал келтір

3-жұп. С. -жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуге қатысты теңдеу


құрастыр




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет