1-деңгей
Мына «құрылыс заттарынан» бірнеше қала тұрғыз.
Екі
Талды
бас
мен
Өс
қорған
тұз
ке
2-деңгей
Сөйлемдерден бас әріппен жазылатын жалқы есімдерді тап.
Менің туып өскен жерім - егеменді қазақстан. Елдің астанасы – астана қаласы. Қазақстанның ең биік жері –хантәңірі.
3-деңгей
«Қ» әрпінен басталатын 3 қала мен қыз бала есімдерін жаз. 1. Жалқы есімді көрсет.
А) Ақсу В) балапан
С) мақтаншақ
2. Жалпы есім дегеніміз
А) жалқы есімдерден басқа зат есімдер
В) бас әріппен жазылатын сөз
С) кісінің аты-жөні
3.Жалқы есім әрдайым қалай жазылады?
А) бөлек жазылады
В) бас әріппен жазылады
С) кіші әріппен жазылады
4) Жалпы есімді тап.
А) Тарбағатай
В) Алматы
С) өзен, көл
5. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Қашан? Қайда?
В) Кім? Не?
С) неше? Қанша?
Сергіту сәті «Күн мен түн» ойыны.
Шарты: мұғалімнің бұйрығы бойынша «Түн» дегенде балалар «ұйықтайды». Мұғалім бір оқушының алдына «кім?», «не?», «кімдер?» «нелер?» сұрағының біреуін қояды. «Күн» дегенде оқушылар «оянып», сол сұраққа жауап береді.