Сабақ тақырыбы Жарықтың табиғаты. Жарықтың таралуы Жалпы мәліметтер



Дата25.11.2023
өлшемі4,47 Mb.
#127809
түріСабақ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
« Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімшесі


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №
(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)



Модуль / пән атауы

Физика

Сабақ тақырыбы

Жарықтың табиғаты. Жарықтың таралуы

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы

1

10.04.2023

ЕТБ-0922-1




1

10.04.2023

ВДН-0922-1




1

10.04.2023

ВДН-0922-2




1

12.04.2023

ЕТБ-0922-3




1










1










1










1










Сабақ түрі

Кiрiспе, дәріс, бекіту, жаңа бiлiмдi меңгеру, жарыс, семинар.

2. Мақсаты, міндеттері




Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғымын қалыптастыру.
Барлық оқушылар: жарықтың шағылу заңын Гюйгенс принципі арқылы түсіндіру;
Басым көпшілігі: Гюйгенс принципін тұжырымдау
Кейбір оқушылар: жарықтың шағылу заңына күнделікті өмірден мысал келтіріп, түсіндіру;



Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1. Білімділік:
2. Тәрбиелік:
3. Дамытушылық:

А. Жарыққа байланысты физикалық шамаларды білу.
Б. Сабақ барысында оқушыларда бір-бірін сыйлау, жауапкешілік және бірігіп жұмыс жасай алу қалыптасады .
В. Дыбыстың пайдаболуына мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады.

3. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Н.А.Закирова, Р.Аширов. «ФИЗИКА» 11-сынып

  2. Б.Қ.Рахашев «Физикалық есептер жинағы»

Техникалық құралдар, материалдар

Суреттер, дидактикалық материалдар, оқулықтар, интерактивті мультимедиялық проектор.

4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі



  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа назарларын аударту

  2. Құрал-жабдықтарды тексеру

  3. Топқа жағымды ахуал туғызу

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақтарда өткен материалдар бойынша сұрақтар қойып, талқылау.
Тақырыбы: Электромагниттік өрістің энергиясы
Мына тапсырмаларды орындаңыз

  1. Электромагнитік өріс дегеніміз не?

  2. Электромагниттік өрістің энергиясының формуласы




10 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Жарықтың шағылуын түсіндіретін аспаптар жайында мәлімет беру.
Жарық сәулелері қандай да бір бетке түскен кезде сол өзі шыққан ортада одан жартылай немесе толық шағылады. Дене беті тегіс немесе ұсақ және өте ұсақ ой-қырлары бар кедір-бұдырлы ьолуы мүмкін. Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарық түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
2. Жарық шағылуының бірінші заңының мәні жайында.
Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жақзықтықта жатады. Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
3. Жарықтың түсу және шағылу бұрышы жайында түсінік беру.
Түскен сәуле мен сәуленің түсі нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышы түсу бұрышы деп аталады. Шағылған сәуле мен сәуленің шағылу нүктесінен шағылдыратын бетке тұрғызылған перпендикуляр арасындағы β бұрышы шағылу бұрышы деп аталады.



  1. Шағылудың екінші заңын түсіндіру.

Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, онда шыққан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады. Егер де бет кедір-бұдыр болса, мысалы қағаз парағы, онда одан шағылғанда жарық шашырайтын болады. Бұндай шағылуды шашыранда немесе диффузиялық шағылу деп атайды.Шашыраған жарық айналық шағылуға қарағанда көзге жағымдырақ, ол көзді көп шаршатпайды.

25 минут

5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)




6. Сабақ бойынша рефлексия
(оқушының білімін, білік-дағдысын пысықтау, бекіту ж/е қорытындылау) - 25 минут
Сабақтың рефлексиясы
1.Мен бұл сабақтан алған тәлімім...
2.Маған ұнағаны...
3.Менің білгім келгені

7. Бағалау - 5 минут

8. Үйге тапсырма – 3 минут

Жарықтың шағылуы тақырыбында презентация дайындау.

9.Пайдаланған әдебиеттер -- 2 минут
1. Н.А.Закирова, Р.Аширов. «ФИЗИКА» 11-сынып
2. Б.Қ.Рахашев «Физикалық есептер жинағы»

Дайындаған педагог


Манжан Ақжайсан Жұматайқызы
(Т.А.Ә.)
__________
(қолы)







  • Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады

  • Берілген әрі шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады

  • Жарық көзінің өлшемдері жарық көзінен бақылаушыға дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өте аз болса, мұндай жарық көздерін нүктелік жарық көздері деп атайды ( Күн, жұлдыздар, ...)





Ой толғаныс: Ендеше , балалар дыбыс туралы алған мәліметтерді қорыта келе , күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға мән бере аламызба? Соны байқап көрейік. 
1-тапсырма. 
Есептер жинағынан
№778 есеп
Неліктен күн сәулесі терезе тура түспеген жағдайда да, бөлме жарық болып тұрады?
№792
Неліктен күн сәулесі түсіп тұрғанда, қар ұшқын тады және жарқырап тұрады
№793
Неліктен Күн шықпай тұрып-ақ, жарық бола бастайды?







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет