III. Жаңа материалды оқып білу
А). Жасуша органоидтары.
Жасуша органоидтары- жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
Әрбір органоидтың өзінің арнаулы құрылымы болады және белгілі бір қызмет атқарады.
Оларға ядро, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық тор, лизосомалар, палзмалыық жарғақша, цитоплазма, жасуша орталығы, Гольджи комплексі жатады.
Б). Жасушаның мембраналық және мембранасыз органоидтары.
Тапсырма бойынша жұптардағы жұмыс:
Қосымшадағы материалды пайдалана отырып, «органоидтардың жіктелуі» схемасын құрыңыз.
Жасушадағы органоидтар мембраналы және мембранасыз органоидтерден тұрады. Мембраналы органоидтер бір мембраналы және қос мембраналы органоидтарға жіктеледі Бір мембраналы органоидтерге ЭПТ, Гольджи комплекс, вакуольдер, лизосомалар, ал қос мембраналы органоидтерге ядро, митохондриялар мен пластидтер жатады. Мембранасыз органоидтердің мембранасы болмайды. Оларға
рибосомалар, хромосомалар, жасуша орталығы, центриолдер, кірпікшелер мен талшықтар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер жатады).
В). Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі.
Жұптардағы жұмыс:
Тейлор Д., Грин Н., Стаут «Биология» оқулығындағы 192-200 беттердегі материалдарды пайдалана отырып бірнеше тапсырма орындаңдар:
1). Жасушаның әрбір органоиды туралы материалды табыңдар, оны оқып шығыңдар және жұпта талқылаңдар.
2). Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі туралы ақпараттарды кестеге түсіріңдер
«Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі»:
Органоидтың атауы
|
Құрылысының ерекшеліктері
|
қызметтері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Г). Жануар және өсімдік жасушасының айырмашылығы
Жұптардағы жұмыс:
Проблемалық мәселе: Жануар жасушасының өсімдік жасушасынан айырмашылығы неде?
(Жануар жасушасында өсімдік жасушасымен салыстырғанда жасуша орталығы болады, бірақ қалың жасуша қабықшасы, пластидтер және жасуша шырынына толтырылған вакуоль болмайды.
IV. БЕКІТУ.
А). тапсырмалар бойынша топтардағы жұмыс:
1 топ:
Органоидтарды құрылысы бойынша және атқаратын қызметтері бойынша салыстырыңдар және төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Олардың айырмашылықтары бар ма? Қандай?
Органоидтар жасушаның тіршілік әрекетін қамтамасыз ете ала ма?
2 топ:
Митохондриялар мен рибосомалардың қызметтерін салыстырыңдар. Жасушаның осы органоидтарының қызметтерінің арасындағы қарама-қарсылық неде деп ойлайсыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.
3 топ:
Не себепті митохондрияларды жасушаның «күш-қуат» немесе «энергетикалық» станциялары деп атайды?
Б). нұсқалар бойынша жазбаша жұмыс:
I нұсқа:
Қалып кеткен сөздерді қоя отырып мәтінді қайта жазып шығыңыздар:
Кез келген жасушаның негізгі бөлімдері - ... және .... жасуша ядросында жіп тәрізді түзілімдер - .... кездеседі. Жасуша .... қапталған. Цитоплазмада майда құрылымдар орналасқан .... ... оларды жасушаның «энергетикалық» станциялары деп атайды . Нәруыздар ....-ларда түзіледі. Эндоплазмалық тордың екі түрі ... және .... болады. Сонымен қатар жасуша органоидтарына тағы да ..., ... ..., ... .... жатады.
Жауап :
Цитоплазма, ядро, хромосомалар, мембрана, органоидтар, митохондриялар, рибосомалар, тегіс және бұдырлы, лизосомалар, Гольджи комплексі, жасуша орталығы.
II нұсқа:
В. Дұрыс жауаптарын тауып сәйкестендіріңдер:
А. Су Ж. Цитоплазма
В. Минералды тұздар З. Митохондрия
С. Мембрана И. Майлар
Д. көмірсулар К. нәруыздар
Е. Ядро Л. Рибосомалар
1. нәруыздар қай органоидта синтезделеді?
2. Қандай қосылыстар аминқышқылдарынан тұрады?
3. Жасушаның сұйық бөлігі қалай аталады?
4. Қандай органоид универсал энергия көзі болып табылады?
5. Жасушада хромосомалар қайда орналасқан?
6. Қандай зат әсіресе энергияға бай?
7. Жасушада жақсы еріткіш болып не қызмет етеді?
8. Жасушаның беткейлі қабаты қалай аталады?
9. Глюкоза қандай қосылыстар класына жатады?
10. Қандай заттар сүйекке беріктік қасиет береді?
Жауап кодтары:
1 – Л; 2 – К; 3 – Ж; 4 – З; 5 – Е; 6 – И; 7 – А; 8 – С; 9 – Д; 10 –В
|
презентация
Презентация
Қосымша 1
Қосымша 1,2
«Биология. В 3 т. Тейлор Д., Грин Н., Стаут У 3-е изд. - М.: 2004. Том 1 - 454с.,
Қосымша 2
|
Сабақтың аяғы
74-77 минут
78-80 минут
|
V. Қорытындылау.
Оқушылар топтар бойынша өз беттерінше сабақ қорытындысын жасайды.
VI. үй тапсырмасы:
Биология. В 3 т. Тейлор Д., Грин Н., Стаут У 3-е изд. - М.: 2004. Том 1 - 454с., 192-200 бет
Таңдау түрінде творчестволық тапсырма:
«Жасуша еліне саяхат» ертегісін құрастыру, жасуша және оның органоидтары туралы өлең шығару, жұмбақ құрастыру, «жасушаның құрылысы» аппликацясын жасау.
VII. Рефлексия.
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта лаынған білімдер сендерге келешекте қажет бол ма?
Сендерге сабақта не нәрсе аса ұнады?
Қандай тапсырма сендерге аса қиын көрінді?
Қандай тапсырманы сендер оңай орындадыңдар?
Қалай ойлайсыңдар сендердің сабатағы іс-әрекеттерің объективті бағаланды ма?
|
|