Сабақ Тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу Сыныбы: 6 «в» Өткізген: Смагулова А. М. Сабақтың тақырыбы
Ашық сабақ Тақырыбы:Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Сыныбы:6 «в» Өткізген: Смагулова А.М.
Сабақтың тақырыбы:§35 Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: Координаталық жазықтықтағы берілген нүктенің координаталарын таба білу, координаталары берілген нүктені координаталық жазықтықта сала білу дағдысын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: 1)Суреттер бойынша нысананы көздей отырып, нүктелердің координатын табу және оны жаза білуге дағдыландыру.
2)Есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Әдемі суреттер сала отырып, эстетикалық тәрбие беру. Шыдамдылыққа, дәлдікке үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, компьютердегі слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4. Білімді тексеру кезеңі.
І бөлім. Теориялық білімді тексер А)Параллель түзулер дегеніміз не?
В)Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
С)Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады?
Д) Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
II бөлім. Жаңа сабақ түсіндіру Нүкте координаталық түзуде бір ғана санмен координатасымен анықталатынын білеміз. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренейік.
Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.
Тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп те аталады. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады. Горизонталь сызылған координаталық түзу абсциссалар (Ох) осі деп, вертикаль сызылған координаталық түзу ординаталар (Оу) осі деп аталады. Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп те атайды. Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
Координаталық жазықтықта А нүктесінің координаталарын табу үшін: 1.А нүктесінен абсциссалар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Ох осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек. Сол А нүктесінің абсциссасы болады;
2.А нүктесінен ординаталар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Оу осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек. Сол А нүктесінің ординатасы болады.
Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.
Ширектердің рет саны сағат тілінің қозғалыс бағытына қарсы бағытта анықталады. Алдымен әрбір ширектегі абсциссалардың таңбалары , содан соң ординаталардың таңбалары жақшалардың ішінде көрсетіледі.
ІІI бөлім. Практикалық жұмыс №1125
Координаталық жазықтықтан: А(-2, 4). В(-1, -3), С(-1, 5), Д(1, -З), Е(-5, 2), К(0, -1) нүктелерін табыңдар.
№1126
Ұштарының координаталары бойынша AB, CD және EF кесінділерін сызыңдар:
А(3, 1), В(-3, 3), С(-2, -3), Д(4, -1), Е(1, 3), F(3, -4).
№1136
Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
1)үшбұрышты салыңдар: A(-3, -1); B(2; 4) және C(6; -2);
2) тік төртбұрышты салыңдар: A(-2; -2), B(-2; 1), C(4; 1), D( 4; -2).
IV бөлім. Сергіту сәті Әрбір оқушы тақтаға шығып координаталық нүктелерді белгілейді.
5. Тест тапсырмалары 1. Координаталар жүйесі қалай құрылады?
А) Параллель екі координаталық түзуден
К) Перпендикуляр екі координаталық түзуден
Н) Нүктелерден
2. Горизанталь сызылған координаталық түзу қалай аталады?
Р) Ордината Т) Перпендикуляр О) Абсцисса
3. Вертикаль сызылған координаталық түзу қалай аталады?
О) Ордината А) Абсцисса Р) Координата
4. (-4; 3 ) қай ширектегі нүкте?
Ә) І ширек Р) ІІ ширек Р) ІV ширек
5. Өзара қиылыспайтын түзулер?
Д) параллель
Р)перпендикуляр
І) сәуле
6. (0; -5) нүктесі қай оське тиісті?
І) Абсцисса И) Ордината Р) Білмеймін
7. М(2; -3) К (-1; 2) қандай фигура шығады?
Л) Түзу Н) Кесінді Р) Сәуле
8. Тік бұрышты координаталар жүйесін ашқан ғалым?
Х) Карл Гаусс Б) Әл-Фараби А) Рене Декарт
9. Координаталар басы деп нені айтамыз?
Ә) Абсциссалар осін Р) Ординаталар осін Т) абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесі
10.Тік бұрыш неше градусқа тең?
А)90 В)180 С)360
Жауабы: КООРДИНАТА
6. Сабаққа қатысып отырған оқушылардың білімдерін бағалау
7. Үйге тапсырма беру: §35. №1127, №1128, №1129