Сабақ Тақырыбы: Жазу және оқу қабілеті бұзылған оқушыларды педагогикалық қолдау, мамандардың әрекеттесуі



Дата23.06.2023
өлшемі34,5 Kb.
#103158
түріСабақ
Байланысты:
Ахипова Аружан МОК201 практикалық саб9


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты





Практикалық сабақ
Тақырыбы: Жазу және оқу қабілеті бұзылған оқушыларды педагогикалық қолдау, мамандардың әрекеттесуі
Орындаған: Ахипова.А МОК201
Тексерген: Байтурсынова.А
Алматы 2023

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген. Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесе\және балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет. Әсіресеоқудағы қиындықтар мүмкіндіктері шектеулі балаларда жиі кездеседі. Осыған байланысты мектептік ортада аталған санаттағы оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы білім беру жағдайларын құру өзекті мәселе болып отыр. ҚР «Білім туралы» заңында арнайы білім беру шарттарына кіретіндер: «мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың жалпы білім беру және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын меңгерулері арнайы тәсілдерсіз, техникалық және басқа да құралдарсыз, тіршілік әрекет ортасынсыз, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және т.б. қызметтерсіз мүмкін емес» [1].


Арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайқұрылатын балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оқудағы қиындық байқалымының анықтық деңгейіне қарай оқушыны қолдаудың түрі қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері:
- психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала салысымен бірден онымен қамтамасыз ету;
- қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану;
- оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне, шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау;
- балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру;
- баланықоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше қажеттіліктерін шешуге қатысуы. Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып,
психологиялық-педагогикалық қолдау (педагогикалық қолдау) бағытталуға тиістілер:
- баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;
- балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;
- баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;
- баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
Басым бөлігін мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайтын білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды мамандардың командасы мектептің педагогтық ұжымымен серіктестікте жүзеге асырады. Мамандар командасының жұмысын үйлестіру мақсатында мектепте жалпы білім беру мектебінің толыққанды құрылымдық бөлімі болуға міндетті психологиялық-педагогикалық қызметі қолдау (ППҚҚ) құрылады. Бұл үшін мектеп басшысы қызметтің құрылғаны және оның қызметінің ережелері туралы бұйрық шығарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына мектеп директоры, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, логопед мұғалім, педагог-психолог, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы және т.б. кіреді.
Жалпы білім беру жағдайындағы әр түрлі бейінді мамандардың өзара әрекеттену тәсілдері қазіргі кезде әдістемелік тұрғыда толық қамтамасыз етілмеген, соған орай практикада да әлсіз жүзеге асырылады. Мамандар кей кезде бірін-бірі қайталайды, кейбір жағдайда олардың әрекеттері түзете дамыту міндеттеріне сәйкес келмейді, ал кейбір жағдайда қайшы келеді.Сол себепті жалпы білім беру жағдайындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау идеясын жүзеге асыру мамандардың жұмыс командасын ұйымдастырмай, мамандардың атқарымдары нормативтік тұрғыда бөлінбей және бекітілмей мүмкін болмайды.
Команда мүшелерінің өзара әрекеттену ержелері:
- команданың барлық мүшелері жағынан өзара сыйласымдылық, өзара түсіністік, адалдық, өзара көмек көрсетуге дайындықтары;
- команданың барлық мүшелерінің атқарымдарының айқын бөлінуі және олардың нақты педагогикалық міндетті шешуге қатысуының басымдылығын сақтау;
- команданың барлық мүшелерінің түзету және оқу-тәрбие үдерісіне қатысуға тең құқықтығы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі [2]. Қолдау қызметінің негізгі бағыттары: - мектепке келген балалардың оқуға дайындығын, қолдауға қажеттілігін анықтау мақсатында, оларды кешенді тексеру;
- дене бітімінде, зерде және эмоциялық дамуында ауытқушылықтары, оқуда және мектепке бейімделу қиындықтары бар оқушыларды дер кезінде анықтау, қажет болған жағдайда оларды кеңес алу үшін ПМПК-ке жіберу;
- ПМПК-тің тұжырымдамасы (сөйлеу тілі, зейіні, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да психикалық атқарымдарда) бар оқушылардың танымдық әрекетінің даму деңгейі мен ерекшелігін анықтау, оқудағы табыстылықпен қамтамасыз ететін профилактикалық, түзету психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік шараларды анықтау үшін олардың эмоциялық ерік саласы мен жеке тұлғалық дамуын зерттеу;
- мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сайма сай жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру; жекеше, шағын топтық, топтық түзете дамыту жұмысын жүргізу; - психологиялық-педагогикалық мониторингіні жүзеге асыру;
- жалпы және арнайы сынып жағдайындағы оқушыларға жекеше және сараланған тәсілімді қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдарды әзірлеу;
- дене тұрғысынан, зерде және эмоциялық күш түсу мен күйзелістің алдын алу, емдік-сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
- кеңес беруші және ағартушы әрекеттер.
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қолдаудың бағыттылығы, қарқыны және ұзақтығы анықталады. Жалпы білім беру мектебі оқушыға оның қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді қолдау оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет ететін оқушыларға көрсетіледі (жарты жылға дейін). Бұл кезде оқушы әдеттегі сыныпта жалпы білім беру бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқиды және аптасына бірнеше рет оқушының дамуының жеке ерекшелігін (сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер, эмоциялық-тұлғалық жетілмеуі) дамыту немесе өтемі бойынша мамандармен өткізетін жекеше немесе топтық сабақтарға барады.
Орташа мерзімді қолдау арнайы дайындалған педагогтар мен мамандардың қарқынды қолдауын қажет ететін және дамуындағы ерекшеліктерге байланысты оқуда тұрақты қиындықтарға кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) [3] қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес жалпы білім беру мектептеріндегі бұндай оқушылар үшін білім берудің бастапқы деңгейінде арнайы сынып жағдайындағы сараланған оқыту ұйымдастырылады. Бұл жағдайда ҚР БҒМ бекіткен арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқытудың арнайы әдіс-тәсілдері, техникалық құралдар мен жабдықтар пайдаланылады. Денсаулықты сақтаудың педагогикалық түзімімен қамтамасыз етіледі: ұзартылған күнді ұйымдастырумен бірінші аусымда оқиды. Оқушылармен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары мен дайындалған мұғалім жұмыс жүргізеді. Мамандармен жүргізелетін жекеше түзете дамыту сабақтары күннің екінші жартысында өтеді. Түзете дамыту сабақтарының түрлері, оларды өткізудің
жиілігі арнайы оқу жоспарымен анықталады. Оқыту үдерісінде оқушыларға қатыстыжекеше және сараланған тәсілдеме жүзеге асырылады. Оқушыларды қолдаудың негізгі міндетіне МББС оқу бағдарламаларының мазмұнын меңгерудегі және оқудағы қиындықтардың себебін жою жатады.
Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары ата-аналармен жұмысын ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланы оқытудағы және тәрбиелеудегі жанұяның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Баланың жанұясымен жұмыстың негізгі міндеттері:
- ата-аналарда өзінің баласына деген сәйкес қатынасты, оны жанұяда тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру;
- ата-аналарға баламен өзара әрекеттену тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
- ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысына белсенді тарту;
- ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру. Ата-аналармен жұмыс жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі.
Сонымен, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұжымдық келісілген әрекеттердің келесі кезеңдерін қамтиды:
- педагогикалық сауалды бағалау және оны талдау;
- оқушының дамуын мамандар командасының (логопедпен, педагог дефектологпен, дәрігермен, әлеуметтік педагогпен) зерттеуі және бағалауы;
- оқушыны сүйемелдеудің жеке бағдарламасын құру (сүйемелдеу мамандарын анықтау, олардың жұмысының мазмұны, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар жағынан көрсетілетін көмек) және оны жүзеге асыру уақыты;
- психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру, оқушыны бақылау, қажет болған жағдайда оның мазмұнын түзету;
- оқушымен жұмыс нәтижелерін коллегиалды талқылау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін зерттеу;
- оқушыны ары қарай да қолдау қажеттілігі туралы шешім қабылдау
Инклюзивтік білім беру практикасының қалыптаса бастауы мектепті дамыту бағдарламасын, оның жарғысын өзгертуді, жаңа стратегиялық міндеттерді шешуге әкімшіліктің дайындығын талап етеді. Ондай болмаған жағдайда жаңадан пайда болған жеке жағдайлар оқшауланған түрде болады. Олардың одақтастары, жалғастырушалары болмайды, яғни олардың жетістіктері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерде кеңінен талқыланатын тақырып болып табылмайды. Педагогтардың бала туралы, сынып туралы диагностикалық ақпараттардың қолданысы мен философиясын толық түсінбегеніктерінен ол ақпараттар педагогикалық ұжым үшін сұранымсыз болады. Педагогтардың білім беру үдерісінің тұлғалықбағдарлық және түзете дамыту технологияларын меңгеруге қажетті уәждері болмайды. Сондықтан ұйымдық мәселелерді шешу жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды сүймелдеу қызметінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Оған мектепте «кедергісіз» білім беру кеңістігін
ұйымдастыру бойынша бірізділік қадамдарын анықтайтын жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу, бірыңғай стратегияда әрекеттенетін пәнаралық мамандар командасын қалыптастыру, әрбір маманның атқарымын, олардың өзара әрекеттену тәсілдерін анықтау жатады.

Әдебиеттер:


1. ҚР «Білім туралы заңы» 2007 жыл 27 шілдедегі № 319-III.
2. Семаго Н.Я. Опыт системного развития инклюзивного образования в Центральном округе Инклюзивное образование. 1 шығарылым. Мәскеу, «Школьная книга» орталығы, 2010.
3. Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидалары. ҚР Үкіметінің2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген.
4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 80 б.
5. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 524 бұйрығы


Ф КазНПУ 0703-03-22 (2). Учебно-методический комплекс дисциплины. Издание второе.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет