Сабақ тақырыбы Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не? Оқу мақсаты



бет2/5
Дата08.03.2023
өлшемі30,31 Kb.
#72569
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аштаева Гулжан

І. Қызығушылықты ояту.
Өткенді пысықтау



Сен не үйрендің? Өткен бөлім бойынша қайталау.
1. Қозғалыс дегеніміз - бұл ....
а) заттардың орын ауыстыруы;
ә) заттардың түсін өзгертуі;
б) заттардың пішіні.

2. Заттың қозғалыс траекториясы дегеніміз не?


а) қозғалыстағы заттың соңынан қалатын, көзге көрінетін сызығы;
ә) қозғалған заттың соңынан қалатын, әр уақытта көзге көріне бермейтін «ізі» (сызығы).

3. Заттар ненің әсерінен қозғалады?


а) заттар өз бетімен қозғалады;
ә) заттар күштің әсерінен қозғалады;
б) заттар қозғалмайды.



ІІ. Мағынаны тану


Сабаққа байланысты деректі материалдар
Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.

Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған. Олар күн мен түннің және жыл мезгілдерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн тізбелер жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалдырып келеді.


Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.

Шоқжұлдыздар — шоғырланып түрлі мүсіндерді түзетін жұлдыздардың тобы.


Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды. Бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді. (МАН)

  1. Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау).

  2. Мұғалімінің кіріспе әңгімесі.

(Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т. б. туралы баяндау)
— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар)
Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.
Ежелгі астрономия.
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты?
— Олар нені байқаулары мүмкін еді? (Олардың назарын суретке аударып, болжам жасап көруді тапсырамын)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет