Сабақ тақырыбы Жиіліктердің интервалдық кестесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/7
Дата07.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#20461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты жаңа тақырыппен таныстыру.

Бастапқы білім


Вариациялық қатар, абсолютті және салыстырмалы жиіліктер, сандық қатардың арифметикалық ортасын, жиіліктер кестесін, жиіліктер полигонын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру..



2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

1 – 3 слайд

Сабақтың ортасы

Ж

10 минут


Т

15 минут



ЖЖ

9 минут



Білу және түсіну.

Оқушылар зертханалық жұмысты орындайды.



8 сынып

Зертханалық жұмыс

«Кездейсоқ зерттеулер»

Мақсаты: статистикалық зерттеулерді жүргізу дағдыларын тексеру; терминдерді білуі: тандама, жинақталған қатар, жиіліктер полигоны.

Тапсырманы ұсыну: «Жетінші сынып оқушыларынан сауалнама жүргізілді: сауалнаманың сұрағы: отбасыныз неше адамнан тұрады? Сауалнаманың нәтижесінде мынадай тандалымдар пайда болды: 4, 4, 5, 5, 6, 6, 4, 3, 7, 7, 2, 3, 6, 3 ,4, 2, 7, 4, 5, 4, 3, 3, 2, 4, 5. Әр сан әр оқушының отбасындағы адам санын көрсетеді. Тандалымдарды жиіліктер кестесі түрінде көрсетіңіз».




Отбасыдағы адам саны

2

3

4

5

6

7

Абсолют жиілігі



















Салыстырмалы жиілік


















Отабсыдағы адам санының орташасын табыңыз, Жиіліктер полигонын салыңыз.

Жұмысты аяқтап болған сон қорытынды жасаңыз.

Одан әрі оқушыларға келесі есепті ұсыныңыз.

Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:

2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.

Оқушылармен вариациялық қатар және жиіліктер полигоны қалай көрсетуге болатынын талдаңыз. Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма?

Мұндай кесте сипаттамалық статистиканың мақсаттарына сәйкес келмейді, статистикалық деректерді ыңғайлы оқылатын түрде көрсете алмайды.

Сондықтан оқушыларға деректерді топтастырып және жиіліктердің интервалдар кестесін толтыруды ұсыныңыз.

Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз.

Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ).


Портфель массасы

[ 1; 2]

( 2; 3]

( 3; 4]

( 4; 5]

Абсолютті жиілік













Салыстырмалы жиілік













Осыған дейін дискретті шамаларды қарастырғаныңыз жөнінде қорытынды жасаңыз. Дискретті шама – ол саналатын мәндер жиыны, яғни оны алдын ала санауға болады. Осы жылы біз үзіліссіз шамаларды оқып білеміз. Үзіліссіз шама – ол қандай да бір (а;b) немесе [a;b] аралығын үзіліссіз толтыратын мүмкін мәндер.

Оқушыларға зерттеліп отырған портфельдердің орташа салмағын табуды ұсыныңыз. Әрі қарай оқушыларға үзіліссіз шамалардың арифметикалық ортасын есептеу тәсілдерін ұсыныңыз.


Портфель массасы

Портфельдің орташа массасы

Абсолютті жиілік

1 дег 2 кг

1,5 кг

6

2 ден 3 кг

2,5 кг

10

3 тен 4 кг

3,5 кг

3

4 тен 5 кг

4,5 кг

1

Әртүрлі тәсілдермен есептелген портфельдің орташа мәнін салыстырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет