Жұмыстың барысы: Массасы 100 г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер.
Стаканға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер.
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйып, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.
Өлшеудің және есептеудің нәтижесін кестеге жазыңдар: