Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты


Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады



бет2/132
Дата07.01.2022
өлшемі8,7 Mb.
#18780
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
00075fab-43c81fc8

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы. Бұл суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р.Броунның құрметіне осылай аталған.

Ол спораның өте майда бөлшектерінің барлық бағытта үздіксіз қозғалыста болатынын байқаған. Бөлшектер ұсағырақ болған сайын олар жылдамырақ қозғалған. Таңғаларлығы – бөлшектердің қозғалысы ешқашан тоқтамаған. Олар көзге көрінбейтін қандайда бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың қозғалысы үдей түседі.

Бөлшектердің Броундық қозғалысы –үлкен және кіші бөлшектерге, сансыз көп молекулаларға, және молекулалар мен атомдарға тән жылулық қозғалыс.

Р.Броун жаратылыстану саласындағы айтарлықтай маңызды осындай құбылысты 1827жылы ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.



Бұл құбылыстың дұрыс, сапалық түсіндірмесі XIX ғасырдың екінші жартысында бірқатар ғалымдардың еңбекткрінде көрініс тапты. Бірақ оның толық теориясын тек 1905-1906жж. А.Энштейн мен М.Смолуховский жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет