10. Кастрюльде 200С температурада 10,05 кг су бар. Осы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін қанша отын қажет? (Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг0С; отынның меншікті жану жылуы 3·107 Дж/кг, судың қайнау температурасы 1000С).
А.
В.
С.
Д.
Е.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:
Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.
Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.
Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.
(а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.
Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:
Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.
Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.
Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.
Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:
Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:
IV. Пысықтау.
Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?
Оның математикалық өрнегін жазыңдар.
Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?
4. Әр түрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың І заңын жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |